Жас биологтар мен химиктерге арналған
«Ғылым және жаңалықтар әлемі» облыстық бейіндік ауысым Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже жас биологтар мен химиктерге арналған «Ғылым және жаңалықтар әлемі» облыстық бейіндік ауысымның (бұдан әрі – Ауысым) мақсаты мен міндеттерін, оны ұйымдастырып өткізу, қатысушылар санатын, Ауысым жоспарының негізгі бағыттарын, қатысу шарттары тәртібін белгілейді.
2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық орталығы (бұдан әрі - «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.
2. Ауысымның мақсаты мен міндеттері
- Ауысымның мақсаты – оқушылардың биология және химия ғылымдары негіздеріне деген қызығушылықтарын, олимпиадалық есептердің өзгешеліктері туралы түсініктерін дамыту.
4. Ауысымның міндеттері:
- оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ынталандыру;
- қазіргі заманғы ғылым туралы түсінігін өзінің шығармашылық аясы ретінде ұғынуын қалыптастыру;
- оқушылардың шығармашылық жұмыстары үшін жағдай туғызу;
- дарынды балалар үшін сайма-сай араласу ортасын құру;
- оқушыларды тәуелсіз, өздігінен және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға қажет өз бетімен жұмыс істеу, зияткерлік пәндерді оқып-үйрену әдістемесіне үйрету.
Ауысым өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
3. Ауысым қатысушылары
- Ауысымға облыс мектептерінің 8-9 сынып оқушылары – химия, биология бойынша аудандық/қалалық және облыстық олимпиадалардың, ғылыми жобалар конкурстарының, фестивальдар мен конференция жеңімпаздары қатыса алады.
4. Ауысымның жұмыстық органдары
6. Ауысымды ұйымдастырып өткізуді жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Ауысымды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Ауысым қорытындысын талдайды және жалпылайды;
- ауысым Ережесіне сәйкес, Ауысымды өткізуді ұйымдастырады;
- Ауысымның ұзақтығын, мерзімін, өту орнының тәртібін белгілейді;
- Ауысымды ұйымдастырып өткізудің іс-шаралар жоспарын, ауысым бағдарламасын әзірлейді;
- білім беру мекемелерінен Ауысымға қатысу үшін өтінімдерді қабылдайды;
- Ауысымның оқытушылар құрамын құрады және бекітеді
5. Ауысымды өткізу орны, мерзімі және тәртібі
7. Ауысым 2019 жылдың 19-22 ақпаны аралығында Таулы Үлбідегі «Дарын ШҚ ӨҒПО» базасында өтеді.
Қатысушылардың келуі 19 ақпан, қайтуы – 22 ақпан.
8. Слетке қатысу туралы білім бөлімі басшыларының, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұранысты 2019 жылғы 15 ақпанға дейін келесі мекен-жайға жіберу қажет: Өскемен қ., Абая даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.
9. Топ жетекшісі Ауысымға қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұрғылықты жеріне дейінгі қайтар жолда өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.
10.Өскемен қаласына (жиналу орнына) келіп жеткен соң, топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) ауысымға қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесін;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Ф.А.Ә. аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны мен білім беру ұйымының, үйінің мекен-жайы, телефоны топ жетекшісінің тегі, аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) эпидорта бойынша медициналық анықтама (әр қатысушыға);
4) қатысушының жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
11. Ауысым бағдарламасы білім модулін қамтиды:
- Жобалық іс-әрекетті;
- Олимпиадалық есептерді шешу.
Сонымен қатар, бағдарламаға: спорттық іс-шаралар, таза ауада қыдыру, шығармашылық кештер және т.б. енгізілді.
6. Қорытынды шығару
12. Ауысым қатысушыларының барлығына сертификат тапсырылады.
7. Қаржыландыру
13..Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.
14. Ауысымға қатысушылардың іссапар шығындары (екі жаққа жүріп өту) жіберуші жақ есебінен төленеді.