+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және дарынды оқушыларымен кездесуінің қорытындысы
07 Жел, 11:20

2011 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіздіктің жиырма Шыңы»-20 жұлдызды күндегі, атап айтқанда Жастар күні, Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және дарынды оқушыларымен кездесуі болды.cut

Кездесу білім басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының және «Болашақ» Ассоциациясының ұйымдастыруымен Республикамыздағы оқу мекемелерінің ішіндегі ең жақсылардың бірі болып саналатын Семей қаласындағы мемлекеттік медициналық университеттің базасында өткізілді. Кездесуге халықаралық және республикалық интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері – облысымыздағы 9 дарынды оқушы және 13 болашақ түлектері шақырылды.

Дөңгелек үстелде Б.М.Сапарбаевпен кездескендер:

- Такан Гиззатов – Польшадағы Ягилонск университетінің түлегі, «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары Ассоциациясының директоры (кездесу модераторы);

Бауыржан Қайратов – Америка Құрама Штатындағы Индиана университетінің түлегі;

Марат Сыздықбаев – Алтай Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу пульмонология институтының түлегі;

-  Дәурен Бурабаев – Бауман атындағы Москва мемлекеттік-техникалық университетінің түлегі;

Малика Мейремханова – Ұлыбританиядағы Брэдфорд университетінің түлегі;

Дархан Сарсенов – Ұлыбританиядағы Aston University түлегі;

Гульнар Искакова – Англиядағы Pittsburg State University түлегі;

Алтынай Мұқанова – Ұлыбританиядағы Lancaster University түлегі;

Уалкенова Динара – Прагадағы Карлов Университетінің түлегі;

Ренат Таургалинов – Ұлыбританиядағы Роберт Гордон Университетінің түлегі;

Артур Насыров – Москва энергетикалық институтының түлегі;

Дәурен Қожағұлов - Ұлыбританиядағы Heriot – Watt University түлегі;

Виктор Родионов – Прагадағы Карлов Университетінің түлегі;

Уәлихан Саметеев, Ерасыл Рахышев, Жанәділ Талдыбаев, Сауле Акишева – Грециядағы халықаралық олимпиададағы қола медальдің иегерлері;

- Рустем Кемерғазин – Швейцариядағы халықаралық ғылыми олимпиаданың күміс жүлдегері;

- Асылхан Шайдоллаев – Ресейдегі «Компьютерлік физика» халықаралық олимпиаданың жүлдегері; 

- Бекарыс Ануарбеков,  Бинур Зейнелова – Чехиядағы халықаралық ғылыми олимпиаданың қола жүлдегері;

- Ерасыл Зейнолла – Қостанай қаласында өткен оқушылардың республикалық олимпиадасының қола медаль иегері.

Б.М.Сапарбаев кездесу барысында облысымыздағы білім саласы бойынша өткізілетін жұмыстар, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына бағытталған шаралар туралы айтып өтті. Бердібек Машбекұлы болашақ түлектеріне дүние жүзіндегі жақсы жоғары оқу орындарынан алған білімдерін облысымыздың өндірістік орындарында қолдану қажет екендігін атап айтып, дарынды түлектерді облысымыз бен Республикамыздағы жоғары оқу орындарына түсуге шақырды. Кездесуге қатысқан Астана, Семей қалаларының жетекші оқу орындарының ректорлары өздерінің ұсынатын білім беру қызметтері туралы қысқаша айтты.  

Т.Т.Гиззатов «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Ассоциацияның жұмыстарының қорытындысы туралы айтып өтті.

Д.Бурабаев облыс әкімі Б.М.Сапарбаевқа болашақ түлектерінің тілек-ниеттерін жеткізді. Ол өз сөзінде жастарды біріктіру және оларды қаржы және әкімшілік ресурстарды қажет етпейтін қоғамдық жұмыстарға тарту, сонымен қатар, облыстық басқармалар жанында қоғамдық бастамалық 19 экспорттық топ құру керек екендігін ұсынды. Бердібек Машбекұлы Д. Бурабаевтың бастамасын қолдап, қабылдады.

Семей қаласының №3 мектеп-интернаттың оқушысы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Самарханов Дамир Б.М.Сапарбаевты облысымыздағы дарынды жастардың қабілеттерін айқындап, дамытуға жағдайлар жасағаны үшін және дарынды жастарға қолдау көрсетіп, бастаманы жүзеге асырғаны үшін алғыс айтты.

Кездесу соңында Бердібек Машбекұлы қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, оларға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды.