2019 жылдың 29 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында Үлбі өзенінің жағалауындағы Орталық базасында «Зияткер» Ғылыми мектебі өтті.
Ғылыми мектептің мақсаты - ғылыми-зерттеулерге ынталандыру, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі, аймақтың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, дарынды жас зерттеушілерді жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық ғылыми жобаларға қатысуға дайындау.
Облыстың жетекші жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары Б. К. Рахадилов, А. В. Павленко, А. Б. Нугуманова, М. Ю. Сутула, Е. Байбурин, М. Н. Мадияров, О. Е. Бакланова, А. С. Тлебалдинова, Ж. Т. Бельдеубаева, А. М. Акаев, Л. С. Баймолданова, Г. У. Ерболатова, К. Б.Ахмадиева, Б. С. Тантыбаева, К. С. Калиева, А. С. Рамазанова, Г. Т. Байркенова, К. Т. Барбосынова оқушылармен жұмыс жасады.
Ғылыми мектеп аясында: «Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел, оқу-тәжірибелік жаттығулар, жеке кеңес беру, жобаны қорғау алды дайындықтары өтті, сондай-ақ, балалар баннерлермен жұмыс істеп, жобаларды қорғауға дайындалды.
Көп ұзамай балаларды Алматы қаласындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысу күтіп тұр.
Қатысушыларға ғылыми сайыстардың соңғы кезеңінде
табыстар мен жеңістер тілейміз!