+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
10-11 сыныптар арасындағы экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
21 Қаң, 10:25

 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Турнир) 2019 жылдың 30 қаңтарында 10-11 сынып оқушылары арасында экономикадан республикалық турнирдің  облыстық кезеңін өткізеді.

Шараны өткізу мақсаты – экономикаға ғылым ретінде қызығушылық танытатын бейімді оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Турнир Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 мекен-жайында орналасқан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында өткізіледі.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. І орын иеленген қатысушылар республикалық турнирге қатысады.

Қатысушыларды тіркеу – сағ. 08.00-да. Турнирдің басталуы – сағ. 09.00-де.

Экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңінің қорытындысы «Дарын» ШҚ ӨҒПО www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

Республикалық конкурстың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына аймақтың үздік ғалымдары енді.

Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды жариялауға қызығушылық білдіретін бұқаралық ақпарат құралдарын аталған шараға қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпараттар алу үшін 8(7232)70-02-44 («Дарын» ШҚ ӨҒПО) телефондарына хабарласу қажет.