+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Бәрін білгім келеді» жас білгірлер эстафетасын өткізу бойынша қорытынды
21 Қаң, 10:20

2019 жылдың 15-17 қаңтар аралығында Таулы Үлбіде облыстық мамандандырылған мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында «Бәрін білгім келеді» жас білгірлер эстафетасы өткізілді.

Эстафета зияткерлік сайыстарға қатыстыруға, өзін-өзі дамытуға және шығармашылық ізденіске ынталандыру мақсатында өткізілді.

Эстафета бағдарламасы әртүрлі бағыттар бойынша өтті: «Нақты ғылымдар әлемінде» мини-олимпиада, «Вattle-chess»шахмат турнирі, «Менің жерім - менің шабытым», «Жаратылыстану ғылымдарының кереметі» атты пікірсайыс, «Өз жеріңді танып біл» викториналық ойын, «Эстафеталық достық» спорт ойыны.

Эстафетаны қатысушылар өз командаларының жарқын, тартымды, қызықты нөмірлермен ашты. Жаратылыстану ғылымдарының сарапшылары «Орталық Азиядағы топырақтың тозуы: қоршаған ортаға әсер ететін негізгі факторлар» тақырыбындағы пікірталасқа қатысып, өз ойларын ортаға салып, әртүрлі проблемалық мәселелерге жауап берді.

Жеке сайыста барлық қатысушылар эссе, шағын-олимпиада және шахмат турнирінде білімдерін көрсете алды. Нәтижесінде әр сайыс бойынша 10 үздік оқушы анықталып марапатталды.

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталды:

- І дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернаты марапатталды;

- ІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласының облыстық математика, физика, информатика саласындағы мамандандырылған мектеп-лицейі марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен:

- Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицей командасы;

- Семей қаласы,дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей командасы марапатталды.

 

 

Эстафетаның барлық қатысушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!
Шығармашылық жетістіктер тілейміз!