Физика, математика және информатика пәндерінен ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы
2019 жылдың 9-15 қаңтары аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – елдер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, ғылыми білімді насихаттау және физико-математикалық мектептер арасындағы байланысты нығайту.
Мерейтойлық олимпиадаға қатысуға 18 елден 540-тан астам оқушы шақырылды.
Бұл бірегей олимпиада болып саналады, осында жеке рейтинг пен алыс және жақын шетелдердің үздік мамандандырылған мектептерінің мықты командалары рейтингісі шығарылады.
Шығыс Қазақстан облысын өз деңгейінде, 7 қатысушы – республикалық олимпиаданың жеңімпаздары, сонымен қатар облыстық олимпиадалық резервтің мүшелері көрсетті.
Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша Мағауин Расұл – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (физика) ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталды;
Байболов Темірлан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика) ІІІ дәрежелі дипломмен қола медаль иегері атанды.
Оқушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!
Алда табыс пен жеңістер тілейміз!



