2011 жылдың 23-26 қараша аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған оқушылардың зерттеу жобаларының Республикалық фестиваліне өтті. Сапарды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды. Шығыс Қазақстан облысынан фестивальге 6 оқушы қатысып қайтты.
Фестиваль оқушыларды қазақстандық патриотизмде тәрбиелеу, тұлғаның өзін-өзі дамыту және іске асыру тәсілі ретінде олардың зерттеу әрекеттерін ынталандырып, қолдау көрсету мақсатында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Фестивальде Қазақстанның өзекті мәселелерін зерттеу жобаларын көрсету және де оларды қорғау енгізілді.
Зерттеу жобаларының Республикалық фестивалінің қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлдегер болды:
1 орын - Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Нұрғалиева Шолпан, (бағыты – «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», тақырыбы – «Жер беті суларының ластануын математикалық модельдеу»).
3 орын:
- Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 11-сынып оқушысы Пименова Кэролайн, (бағыты – «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», тақырыбы - «Оптимизационные задачи при реализации молочной продукции»);
- Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Ерубаев Жанибек, (бағыты – «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», тақырыбы - «Построение математической модели посредством Microsoft Excel»);
- Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Советов Рауан, (бағыты – «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», тақырыбы - «Үш айнымалысы бар теңдеулердің бүтін шешімін табу»);
- Семей қаласындағы №37 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Мурат Мадина, (бағыты – «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары», тақырыбы - «Қазақ тіліндегі «Бақыт» концептісінің танымдық аясы»);
- Семей қаласындағы №10 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Иманбаева Меруерт, (бағыты – «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары», тақырыбы – «Восточный Казахстан – новая страна на карте туризма»).
Барлық оқушыларға сертификаттар, жеңімпазға (1 орын) ақшалай сыйақы, ал жүлдегерлер дайындаған мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етілді.
Олимпиадаға қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.