+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі заманауи ойын-оқыту технологиялары» атты семинардың қорытындысы («Ой-ойна» ойын технологиясы зертханасы үлгісінде өткізу)
11 Қаң, 15:41

2016-2019 жылдарға арналған «Дарынды мектеп» Кешенді жоспары аясында  2019 жылдың 4 қаңтарында 2019 жылдың 4 қаңтарында Өскемен қаласы әкімі аппаратының «№ 47 орта мектебі» базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі заманауи ойын-оқыту технологиялары» тақырыбында («Ой-ойна» ойын технологиясы зертханасы үлгісінде) семинар өтті. Семинарға ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ-нің, Өскемен қаласы білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында мектептке дейінгі білім беру ұйымдарында заманауи білімберудің ойын технологиясының енгізудің өзекті сұратары талқыланды.

ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» (бұдан әрі – ДБА ВММК) тірек мектебінің директоры педагогика ғылымдарының докторы Н.В. Ахаева қатысушыларға өзінің ғылыми-педагогикалық іс-әрекеті арқылы әзірлеген ғылыми-білімдік моделдерін жарнамалады, сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру үдерісіне француз тілін енгізу жобасымен таныстырды. Өскемен қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Е.А. Марченко мектепке дейінгі білім беруді жаңартылған білімге көшірудің негізгі кезеңдеріне тоқтады, 2019 жылы мектепке дейінгі білім беру педагогтарына арналып өткізілетін біліктілікті арттыру курсы жайында айтып берді. ДБА ВММК  ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогика ғылымдары Академиясының академигі А.В. Ахаев облыстың ЖОО-ы педагогтары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының келешектегі ынтымақтастығын атап айтты.

Семинардың практикалық бөлімінде шеберлік-сыныптары өткізіліп, қатысушыларға түрлі білім беру салаларында дидактикалық құралдар деректерін тәжірибеде қолдануды қарастыру мүмкіндігі берілді. ДБА ВММК педагогтары В.И. Жарликова, Г.П. Денисова, Г.К. Доненбаева қолдануға болатын ойындар мен тәжірибелік жаттығулардың үлгілерімен таныстырды. Мектеп жасына дейінгі балалардың «әсерлі құм» мен «кинетикалық пластилинд»і пайдалану бойынша педагогтардың жасаған жұмыстарымен тренер-әдіскері Ю.В. Кутовая таныстырды.