2019 жылдың 3-6 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға облыстың 9-11 сыныптарынан 730 оқушы қатысты.
Олимпиада жаратылыстану-математика цикл пәндері (математика, физика, химия, биология, география, информатика) бойынша Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде және әлеуметтік-гуманитарлық цикл (қазақ тілі және әдебиет, қазақ тілі орыс мектептерінде, орыс тілі және әдебиет, орыс тілі қазақ мектептерінде, ағылшын тілі, неміс тілі, Қазақстан тарихы, адам және қоғам) пәндері бойынша Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты базасында өткізілді.
Қатысушылардың білімі мен практикалық дағдыларын облыстың жетекші жоғары оқу орындарынан ғалымдар, профессорлар мен ғылым докторларынан құралған қазылар алқасы бағалады.
Табандылық пен қызықты күрес барысында олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша 330 қатысушы жеңімпаз атанды: 70 оқушы І дәрежелі дипломмен, 101 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 160 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Үздік олимпиадалық команда – 2019»номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогімен:
- Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей командасы;
- Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей командасы;
- Күршім ауданының командасы мараппатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Өскемен қаласының командасы;
- Семей қаласының командасы;
-Аягөз ауданының командасы мараппатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
- Зайсан ауданының командасы;
- Катонқарағай ауданының командасы;
- Жарма ауданының командасы марапатталды.
«Үздік ауыл мектебі – 2019» номинациясымен:
- Зайсан ауданының Х.Мустафина атындағы мектеп-лицейі;
- Күршім ауданының Ю.А. Гагарин атындағы №1 гимназиясы марапатталды.
«Үздік қала мектебі – 2019» номинациясымен:
- Риддер қаласының №1 мектеп-лицейі;
- Семей қаласының №6 гимназиясы марапатталды.
«Үздік ауыл оқушысы – 2019» номинациясында Көкпекті ауданының Амангелді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мухаметкалиева Адия марапатталды (қазақ тілі және әдебиет).
«Жас оқушы – 2019» номинациясында Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Маратова Зере марапатталды (биология).
Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар Ақтөбе (жаратылыстану-математика пәні бойынша) және Қызылорда (әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша) қалаларында өтетін Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз! Біз балаларымызға ең жақсылардың болуынатілектеспіз!




