+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
28 Жел, 16:29

2019 жылдың 3-6 қаңтары аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданы өткізудің мақсаты-зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуға іріктеу және дайындау.

Олимпиаданың қатысушылары аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары,
9-11 сыныптардың 740 оқушысы.

Олимпиада 15 пәннен 2 айналымда (теориялық және тәжірибелік) өткізіледі: «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Құқықтану», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Француз тілі», «Неміс тілі».

Олимпиаданың І айналымы (теориялық) 2019 жылдың 4 қаңтарында өтеді, басталуы сағат 09.00-де;

Олимпиаданың ІІ айналымы (практикалық-эксперименттік) 2018 жылдың
5 қаңтарында өтеді, басталуы сағат 09.00-де.

Олимпиада төмендегі білім мекемелерін базасында өткізіледі:

1. Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты (Амур көш., 12/1);

2. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – химия, биология, география, математика (30-шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34);

3. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – физика, информатика (Ворошилов көшесі, 148) базасында өткізіледі.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына аймақтың үздік ғалымдары енді.

Қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін 2019 жылдың 6 қаңтарында сағат 10.00-де, "Ертіс концерт" базасында, Өскемен қаласы, Протозанова көшесі, 43 мекенжайында өтетін Олимпиаданың салтанатты жабылуына шақырамыз.

Қосымша ақпаратты Өскемен қ., Абай даңғылы, 21 – «Дарын» ШҚ ӨҒПО мекенжайы бойынша алуға болады. Тел.: 8/7232/55-20-12 (Айгерим)