+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Еуразиялық олимпиада қорытындысы
10 Жел, 18:09

2018 жылдың 8-9 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернет-орталығы базасында информатикадан X Еуразиялық олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен 61 команда қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан 4 оқушы қатысты. Біздің оқушылар беделді сайыста білімдерін жақсы көрсетіп, бір алтын және үш қола медальмен марапатталды.

Информатикадан ең жақсы көрсеткішті Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің оқушысы Байболов Темірлан көрсетті. Темірлан – информатикадан Республикалық оқушылар олимпиадасының алтын медаль иегері, «Туймаада» халықаралық олимпиадасының күміс жүлдегері, информатикадан IX Еуразиялық олимпиаданың қола медаль иегері.

Семей қаласының дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің оқушылары Мұхаметкарим Қайырлы, Қалидолда Ернұр, Болатов Адлет қола медаль алып қана қоймай, болашақта осындай деңгейдегі жарыстарға қатысуға көмектесетін баға жетпес тәжірибе жинады.

Қатысушыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, болашақта жетістіктер тілейміз және жылдан жылға бізді жоғары нәтижелермен қуанта береді деп үміттенеміз!