Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағытында («Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика») және әлеуметтік-гуманитарлық бағытында («Қазақстан тарихы», «Құқықтану негіздері», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Француз тілі», «Неміс тілі», ) өткізілді.
Пилоттық режимде информатика пәнінен тестілеу жүйесі республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің ережелері бойынша сыналды. Жүйе алғашқы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, қазір ҚБТУ және ХАТУ студенттеріне ұсынылды. Бұл жүйенің мақсаты - өңірлердегі қазылар алқа мүшелерінің жұмысты бағалауға және тексеруде көмек көрсету.
Республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі 2019 жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігінде бірыңғай желіде өткізіледі.