+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Жарқын болашақ» ІV республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасын өткізу ережелері
06 Жел, 06:54

cut

I. Жалпы ережелер

 

Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өтетін «Жарқын болашақ» ІV республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының (бұдан әрі «Жарқын болашақ» олимпиадасы) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.

2. «Жарқын болашақ» олимпиадасы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «KATEV» ХҚҚ) тарапынан және ШҚО «Дарын» ҒПРО мен  қазақ – түрік лицейлері тарапынан (Өскемен және Семей қалаларындағы ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ – түрік лицейі) жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.

 

II. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаттары мен міндеттері:

 

3. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі мақсаттары:

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;

- оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

4. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:

- оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру;

- тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;

 

III. «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

«Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 7–11-сынып оқушылары қатыса алады.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтиды: қазақ тіл білімі мен әдебиеті, мәнерлеп оқу, ән айту, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс. (5 конкурстың ережелері №2 қосымшада берілген).

«Жарқын болашақ» олимпиадасы төрт кезеңнен тұрады:

1 кезең – мектепішілік кезең. Ол 2011 жылдың желтоқсан айында (мектепте) өткізіледі;

2 кезең – қалалық, аудандық кезең. Ол 2012 жылдың қаңтарында (қалалық кезең 18-қаңтарда) өтеді;

3 кезең – облыстық кезең. Ол 2-3 наурыз айында Семей, Өскемен қалаларында өтеді;

4 кезең – республикалық кезең (финал). 2012 жылы 4-6 сәуірде Астана қаласында өтеді.

8. «Жарқын болашақ» олимпиадасының бірінші кезеңінің жеңімпаздары туралы мәліметті  қаңтардың 10-на дейін Өскемен, Семей қазақ-түрік лицейлеріне немесе аудандық оқу бөліміндегі  ұйымдастыру комитеттеріне өткізеді. Сол қорытынды бойынша қалалық, аудандық кезеңдер өткізіледі. Ақпанның 25-іне дейін қалалық, аудандық жеңімпаздар жайлы мәліметті Өскемен, Семей қазақ - түрік лицейлерінің немесе «Дарын» ҒПРО- ның электронды поштасына жіберу қажет. Облыстық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы мәліметті Өскемен, Семей қазақ - түрік лицейлерінің ұйымдастыру комитеті наурыздың 20-на дейін республикалық ұйымдастыру комитетіне жібереді (№3 қосымшадағы үлгі бойынша).

9. Әрбір ауданнан немесе қаладан облыстық, сондай-ақ облыстан республикалық кезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:

 

Конкурс атауы

Тобы

Оқушы саны

Барлығы

«Тілші-әдебиетшілер» 

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Сөз шеберлері» 

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Әнші-бұлбұлдар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Жас ғалымдар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Жазушылар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

10. Бір команда 5 конкурстың барлығына немесе бірнешеуіне қатыса алады.

11. «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Тілші-әдебиетшілер» конкурсының 1,2,3-кезеңдерінің тапсырмаларын жергілікті ұйымдастыру комитеттері, ал төртінші кезеңнің тапсырмаларын KATEV ХҚҚ қазақ тілі бірлестігі дайындайды.

Алдыңғы «Жарқын болашақ» олимпиадаларының республикалық кезеңінің ақтық сынындағы жеңімпаздар қатыса алмайды.

 

IV. Қаржыландыру

 

«Жарқын болашақ» олимпиадасының 1-3-кезеңдерін тиісті білім органдары қаржыландырады.

Оқушының олимпиадаға қатысуға байланысты шығынын жіберіп отырған мекеме немесе ата-анасы көтереді.

«Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру комитетіне қатысушылардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, ынталандыру сыйлығын алуға қосымша қаражат бөлу жүктеледі.

 

V. Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы

 

Олимпиаданы өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, оның құрамын Өскемен және Семей қалаларындағы ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ – түрік лицейлері мен ШҚО «Дарын»орталығы бекітеді.

17. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Лихарев көшесі 5-үй Тел: 8(7232) 251010; 252962 e-mail: vko.ktl5@gmail.com  Семей қаласы, Валиханов 66 үй, тел: 8(7222) 771110; 771576, e-mail: semeyktl@gmail.com

 VI. «Жарқын болашақ» олимпиадасының қазылар алқасы:

18 «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсының қазылар алқасы: төраға, 2 мүше және хатшыдан тұрады;

19. Қазылар алқасының міндеттері:

-         қатысушылардың жұмысын тексереді, олардың нәтижесін шығарады;

-         қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажетті түзетулер енгізеді;

-         жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

-         жеңімпаз оқушылардың мұғалімдерін марапаттау жөнінде ұсыныс енгізеді;

-         Әділ қазылар алқасы тәуелсіз сарапшылардан тұрады.

 

VII. «Жарқын болашақ» олимпиадасын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

 

20. «Жарқын болашақ» олимпиадасының ашылуы және қатысушыларды марапаттау рәсімі мерекелік жағдайда өткізіледі.

21. «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсы бойынша 6 жүлделі орын: 1 бірінші, 2 екінші, 3 үшінші орын белгіленеді.

22.«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары ұйымдастыру комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады және оларға бағалы сыйлық табыс етіледі (аудандық, облыстық кезеңнің жеңімпаздары тиісті білім органдарының дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады.).

23.Жеңімпаздардың мұғалімдеріне грамота беріледі.

24.«Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізуде белсенді жұмыс атқарғаны үшін қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері Құрмет грамотасымен марапатталады.

 

 

«KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының 2010 жылғы 18 қарашадағы №201/136 бұйрығына №2 қосымша «Жарқын болашақ» III республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының 5 конкурсы бойынша ережелер

 

I. «Сөз шеберлері» конкурсы

Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарысы.

Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.

Шарттары:

- Қатысушы 1 прозалық және 1 поэзиялық шығарманы (немесе үзінді) жатқа мәнерлеп оқиды.

- Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттау керек;

- Мәнерлеп оқуға берілетін уақыт мөлшері (1 тақырып үшін) – 5 минут.

- Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек.

Сөз шеберлері» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

 

Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

Ұлттық құндылықтарды насихаттау

1) Дауысы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) киімі
2) жатқа оқуы

3) әуені (фон)

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

 

II. «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы

Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін бағалау жарысы.

Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.

Шарты: қатысушылар 2 бөлімнен тұратын және тест сұрақтарынан құралған сынақ тапсырады: 1-бөлімнің тапсырмалары қазақ тілі пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 50 тест сұрағы). 2-бөлімнің тест сұрақтары қазақ әдебиеті пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 50 тест сұрағы).

Сынаққа берілетін уақыт мөлшері – 120 минут.

Сынаққа қатысты қосымша түсініктемелер сынақ алдында айтылады.

 

III. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы

 

Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарысы.

Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.

  1. Шарттары:

-  Қатысушылар қазақ халық әндерін және қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындайды.

-  Ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын әндер болу керек;

-  Әнді орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады және әуен (минусовка) сапалы болу керек.

-  Ән жанды дауыспен орындалу керек және орындаушы әннің сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білу керек.

-  Ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады.

-  Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек.

-  «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

 

Әннің сөзін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

Ұлттық құндылықтарды насихаттау

1) Ән мен саздың және қимылдың үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) вокалы
2) әуені

3) киімі

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

 

IV. «Жас ғалымдар» конкурсы

 

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы.

Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.

Шарттары:

-  Ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болу керек.

-  Қорғаушының ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізуі, тың тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады.

-  Ғылыми жұмыс стандарттағы ғылыми жобаның жазылу шарттарына сәйкес дайындалуы керек (ғылыми жетекші мен сарапшының пікірі болуы керек).

-  Қорғаушы өз жұмысын қорғағанда, компьютер, проектр, плакат секілді құралдарды қолдана алады.

-  Қазақ ұлттық киімімен шығу керек.

-  Қорғаушыға берілетін уақыт мөлшері – 15 минут.

-  «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

 

Ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізу, тақырыбын аша білуі

Тың тақырып, жаңалығы

1) ғылыми жоба талап-тарына сай орындалуы
2) дизайны

1) Киім

2) Уақыт

Жұмысқа қатысты қосымша сұраққа жауабы

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

 

V. «Жазушылар» конкурсы

 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.

Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.

Шарттары:

-  Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады;

-  Эссе көлемі 2 беттен кем болмау керек;

-  Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 120 минут.

-  Эссе тақырыптары: қазақ тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолы, жетістіктері, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің маңыздылығы, бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, руханият, әдептілік қағидалары, зиянды әдеттер т.б.

 

KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының 2010 жылғы 18 қарашадағы №201/136 бұйрығына №3 қосымша

 

Қ.Сатпаев атындағы №16 қазақ орта мектебі немесе Зайсан ауданы бойынша «Жарқын болашақ» ІV республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының қалалық (облыстық) сайысына қатысатын оқушылардың тізімі (үлгі)

 

Тегі, аты,

әке аты

Мектеп

Сы-нып

Ұлт

Ұл-қыз

Конкурс атауы

Тақырып

Мұғалімі

1-2

Ибрагимов Қанат Сұлтанбекұлы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы, №55 орта мектебі

11

Қазақ/орыс

ұл

«Сөз шеберлері»

М.Шаханов «Төрт ана»

Әсетова Айна Болатқызы

3-4

 

 

 

Қазақ/орыс

 

«Тілші-әдебиетшілер»

 

 

5-6

 

 

 

Қазақ/орыс

 

«Әнші-бұлбұлдар»

 

 

7-8

 

 

 

Қазақ/орыс

 

«Жас ғалымдар»

 

 

9-10

 

 

 

Қазақ/орыс

 

«Жазушылар»

 

 

 

Мектеп директоры:                                                          А.С.Қайдаров немесе

Зайсан ауданының оқу бөлімінің бастығы:                             Г.С. Аскатова

ЕСКЕРТУЛЕР:

Сайысқа қатынасу туралы  сұраныс хат болмаған жағдайда  талапкер сайысқа жіберілмейді;

Сұраныс хат тек жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін электронды түрде қабылданады;

Егер талапкердің сайыс барысындағы жауабы немесе өнері белгіленген уақыттан асып кетсе, еңбегі бағаланбайды;

Әр топтың (қазақ немесе орыс тобы) жұмысы жеке аудиторияларда ұйымдастырылып, бір – бірінен бөлек бағаланады;

Әрбір бағытта орындалатын шығармалар тек қазақ тілінде ғана орындалуы тиіс және де қазақ тілі мен әдебиетінің   де сұрақтары екі топта да қазақ тілінде ғана болады;

Ұсынылатын шығармаларыңыздың тақырыбы, авторы толық жазылуы тиіс және тақырыпқа сәйкес келуі өте қатты сұралады. Сәйкес келмеген жағдайда автоматты түрде алынып тасталынады. Қайта өзгертулер қабылданбайды.

Әр шараның өту орындары немесе өзгерістер туралы қосымша жиындарда хабарланады. (сондықтан да сұраныста мектеп директорының қолы, мекен –жайларыңыз, телефон, факстеріңіз болған жөн).

 

Күні

Уақыты

Сайыстың аты

Өтетін жері

Жауапты адам

18.01.2011

09.30

Сайыстың ашылуы

«Нұрорда» халықаралық мектебі

Сегізбаева С.Қ. Байзолдина Ж.С., Тогусова С.К.

18.01.2011

10.00

«Тілші-әдебиетшілер» бағыты 

«Нұрорда» халықаралық мектебі

Нукушева Б.С., Райгүл

18.01.2011

10.00-12.00

13.00-15.00

«Ғылыми жоба қорғау» бағыты бағыты (қазақ тобы) «Ғылыми жоба қорғау» бағыты (орыс тобы)

«Нұрорда» халықаралық мектебі

Нукушева Б.С., Райгүл

18.01.2011

10.00

«Жазушылар» конкурсы

«Нұрорда» халықаралық мектебі

Нукушева Б.С., Райгүл

18.02.2011

10.00-12.00

13.00-15.00

«Ән айту» бағыты (қазақ тобы) «Ән айту» бағыты (орыс тобы)

«Нұрорда» халықаралық мектебі

Сегізбаева С.Қ., Нукушева Б.С., Сәулеш

18.02.2011

10.00-12.00

13.00-15.00

«Мәнерлеп оқу» бағыты бағыты (қазақ тобы) «Мәнерлеп оқу» бағыты (орыс тобы)

КТЛ

Байзолдина Ж.С.

    Облыстық кезеңнің екі қалада өткізілуіне байланысты (Өскемен, Семей) жер жағдайының орналасуына қарай аудандар мына кесте бойынша аталған мектепке тапсырыс береді:

     

    ӨСКЕМЕН ҚТЛ

    СЕМЕЙ ҚТЛ

    Аудандар

    Аудандар

    1

     

    1

     

    2

     

    2

     

    3

     

    3

     

    4

     

    4

     

    5

     

    5

     

    6

     

    6

     

    7

     

    7

     

    8

     

    8

     

    9

     

    9

     

    10

     

    10

     

      

    «Жарқын болашақ» IҮ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының Өскемен қаласы бойынша қалалық кезеңінің өтетін орны туралы мәліметтер: