2018 жылдың 26 қарашасы күні «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық ғылыми-практикалық конференция аясында көрнекті археолог-ғалымдар Зейнолла Самашевич Самашев пен Жакен Қожақметович Таймағамбетов облысымыздың 8-10 сыныптарының 20 оқушысы үшін «Жас археолог» шеберлік-сыныбын өткізді.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, Германия археологиялық институтының корресподент-мүшесі, ҚР БҒМ ҒК археология институтының А.Х. Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері Зейнолла Самашевич Самашев және тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Ұлттық мұражайы директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жакен Қожахметович Таймағамбетов балалармен Шығыс Қазақстанның археологиялық мұрасы жөніндегі мәселелерді талқылап, археологтың жұмысымен және жеке кәсіби таңдау тәжірибесімен бөлісті.
Өткенде ШҚО білім басқармасы «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушыларды археологиялық білімге араластыру мақсатында, ШҚО барлық өңірлеріндегі тарих және археология бойынша ғылыми-зерттеу жобаларымен жұмыс жасаған оқушыларға арналған «Киелі Алтайым – туған жерім» атты археологиялық мектептерді ұйымдастырды. Балалар ғалымдармен және археологтармен бірлесіп Көктөбек қорғанындағы қазындыларда (Тарбағатай ауданы), Аблаинкит монастр-бекінісінде (Ұлан ауданы), және Көкентау қорғандарының тау сілемінде (Семей қаласы) болып қайтты. 2019 жылғы «Жас археолог» жазғы мектебі жобаның жалғасы болып табылады.