+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің өткізілу қорытындысы
19 Қар, 15:46

2018 жылдың 17 қарашасында Шығыс-Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы  8-11 сынып аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің өткізді. Байқау Өскемен қаласы, «Нұр Орда» мектеп лицей базасында өткізілді.

Байқау мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, ең дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, облысымыздың интелектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Өткізілген іс-шара өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған 450 оқушыны біріктірді. Байқау қатысушылары зерттеу жұмыстарын физика, техника, жер және Ғарыш ғылымдары, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, құқық негіздері, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімдері бағыттарында ұсынды. Оқушылар жұмыстырды жеке және командалық түрде қорғады.

Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 199 оқушы (168 жоба) жеңімпаз атанды:

I дәрежелі дипломмен - 40 оқушы (33 жоба);

ІІ дәрежелі дипломмен - 53 оқушы (46 жоба);

III дәрежелі дипломмен - 106 оқушы (89 жоба) марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Марапатқа ие болған жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз! Қатысушы оқушыларға 14 желтоқсан күні Өскемен қаласында өтетін республикалық іріктеу кезеңінде (қашықтықтан тестілеу) сәттілік тілейміз.