+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
ШҚО оқушыларының жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХI Президенттік олимпиадаға қатысу қорытындысы
19 Қар, 15:45

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13-16 қараша аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша  ХI Президенттік олимпиада өтті. Олимпиада дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында, елбасымыздың Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында өткізілді.

Олимпиада барысында қатысушылар жергілікті тарихи-өлкетану мұражайына және Теміртау күзгі бақшасына барып, президент әріптестерімен «Зияткерге 100 сұрақ» атты кездесуге қатысты. Қонақтар балалардың көптеген сұрақтарына қызығушылықпен жауап беріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың үздік қасиеттерін бірнеше рет атап өтті. Олар Президенттің жұмыс тәжірибесін, жеке қасиеттерін, студенттік кездерін еске түсіріп қызықтап әңгімелеп берді.

Олимпиада қорытындысы және қазылар алқасының шешімі бойынша Абай атындағы орта-мектеп лицейінің оқушылары – Айтбаева Мадина математика пәнінен, Бимуратов Досжан химия пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.

Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды лайықты марапатпен құттықтаймыз!