16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында, жоғары деңгейдегі өзіндік ұлттық сана-сезімі, ұлттық патриоттық рухы бар, тарихи сананы және әлеуметтік есті сақтайтын жаңа ұрпақты - қоғамның әлеуетті белсенді мүшелерін тәрбиелеу мақсатында «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсы өткізіледі.
Оқушылар санаты: ШҚО аудандары/қалалары білім мекемелерінің белсенді оқушылары мен көшбасшылары.
Конкурстың облыстық кезеңі 2018 жылдың 14-15 желтоқсан аралығында өтеді және екі айналымнан тұрады.
1 айналым:
Үй тапсырмасы – «Туған өлке – біздің бастамаларымыздың негізі» әлеуметтік акциясы;
Командалар үшін тарих, география, әдебиет және Қазақстанның мәдениеті бойынша викторина;
«Бәсекеге қабілетті, сындарлы, мықты, шығармашыл ХХІ ғасыр Тұлғасы» диалогтік алаңы;
2 айналым
Не? Қайда? Қашан? форматындығы «Өз жеріңді танып біл» интеллектуалдық ойыны.
Қазылар алқасы құрамына атқарушы билік органдарының, ғылыми және шығармашыл зиялылар, қоғам қайраткерлері өкілдері енеді.
Қорытынды шығару барысында жеңімпаздарды марапаттау, ШҚО аудандары (қалалары) жалпы білім беру мекемелерінің белсенді оқушылары мен көшбасшыларын – жеңімпаздар мен туған күн иелеріне естелік сыйлықтар тапсыру және құттықтау жоспарланды.
Қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін 2018 жылғы 14 желтоқсанда сағат 9.30-да «Туған өлке – біздің бастамаларымыздың негізі» фото-көрмесіне және Не? Қайда? Қашан?» форматындағы «Өз жеріңді танып біл» интеллектуалды ойынына шақырамыз: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі 19 (Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің бас ғимараты).
Баспасөз хатшысы - Абсалямова Айгерим Кайратовна
тел.: 8/7232/55-20-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru