2018 жылдың 24-27 қазанында Шығыс Қазақстан облысының командасы Бразилияның Порто-Алегри және Нова Гамбург қалаларында өткен «Mostratec» халықаралық байқауына қатысты. Олимпиаданың қатысушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы еңбекқорлық пен дағдыларының арқасында жеңіспен оралды.
Mostratec олимпиадасының мақсаты - оқушыларды жаратылыстану ғылымдарына ұмтылуға ынталандыру, оқушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларында зерттеу жұмыстарына тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, оқушылармен жұмыс істеу үшін мамандарды тарту.
40 елден келген 1000-нан астам оқушы (Бразилия, АҚШ, Қытай, Аргентина, Босния және Герцеговина, Чили, Колумбия, Дания, Голландия, Үндістан, Индонезия, Италия, Мексика, Парагвай, Перу, Португалия, Тунис, Түркия, Уругвай және басқа да көптеген елдер) математика, физика, химия, информатика және лингвистика саласындағы ғылыми жобаларын ұсынды.
Зерттеу жобаларының экспозициялары оқушылар тарапынан жеке-жеке және команда бойынша ұсынылды. «Нұрорда» мектеп-лицейінің 11-ші сынып оқушыларының 4 жұмысы финалға өтті, оның ішінде 5 жоба «алтын» иеленді, бір «күміс» және төрт «қола».
Исламбеков Дильназ бен Исабаева Малика «физика» пәні бойынша жоба дайындады. Ол ең үздік жоба деп танылып, олимпиада демеушілерінің алтын медалімен марапатталды.
Махабаев Ерасыл «математика» пәні бойынша жоба ұсынып, екі медальді жеңіп алды: олимпиада демеушілерінің күміс медалін және «математикадан» қола медальді жеңіп алды.
Руслан Анель мен Маткаримова Миддель лингвистика бойынша (ағылшын тілінде) жоба дайындап, әрқайсысы алтын мен қола медальді қанжығаларына байлады.
Олимпиада техникалық білім беру, робототехника фестивалі, аймақтық кітап көрмесі және бірқатар мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырған 33-ші халықаралық «Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia» (Mostratec) білім беру көрмесі аясында өткізілді.
Халықаралық көрменің жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Сіздерге әлемдік деңгейдегі табыстар мен жеңістер тілейміз!