2011 жылдың 17-20 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы, құрамында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының өкілдері, сондай-ақ дарынды балалармен жұмыс жүргізетін облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары Павлодар қаласында болып қайтты.
Барудың мақсаты - дарынды балалармен жұмыс жүргізетін білім мекемелері бойынша тәжірибе алмасу.
Аймақтық ғылыми-практикалық «Ертіс дарыны» орталығының директоры, педагогика ғылымының кандидаты А.Т. Түгелбаеваның басшылық жасап шақыртуы бойынша облыстық білім басқармасының ықпал етуімен сапарды Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды.
Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Павлодар облысының дарынды балалармен жұмыс жүргізетін облыстық мамандандырылған бірнеше мектептерінде болып және олардың жұмыс тәжірибелерімен танысып, «Ертіс жағалауының дарынды балалары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты. Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған математика, физика, информатика саласындағы мамандандырылған мектептің директоры, дарынды балалармен жұмыс жүргізетін облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының Ассоциациясының Президенті И.Е.Трунова (Дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту бойынша облыстық мамандандырылған мектептердің жұмысы) және Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын облыстық мамандандырылған мектептің директоры А.М.Аубакирова («Көп тілді оқыту: болашағы мен проблемалары») баяндама жасады.
Ғылыми-практикалық конференцияның қортындысы бойынша Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының дарынды балалармен жұмыс жүргізетін облыстық мамандандырылған мектептерінің директорларының Ассоциациясының арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Барлық қатысушыларға кездесу дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі жұмыстың жаңа түрлерінің қажет екендігін, сонымен қатар тығыз істік ынтымақтастықты жалғастыру бойынша жұмысты реттеу керек екендігін көрсетті.
Шығыс Қазақстан облысы Павлодар облысының делегациясын қабылдауды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.