+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсын өткізу туралы Ереже
30 Қаз, 16:58

1. Осы Ереже «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді. (бұдан әрі – Конкурс).

2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан  әрі - «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.

3. Конкурстың мақсаты тұрақтылықты, тәуелсіздікті, мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау әрекетіне белсенді және батыл, басқа мәдениет өкілдерімен конструктивті диалог құра білетін жоғары деңгейдегі өзіндік ұлттық сана-сезімі, ұлттық, патриоттық рухы бар, тарихи жадыны және әлеуметтік есті сақтайтын өскелең ұрпақты – қоғамның әлеуетті белсенді мүшелерін тәрбиелеу болып табылады.

4. Конкурстың негізгі міндеттері:

-   туған өлке тарихына қызығушылық танытатын қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау;

-   әр түрлі пәндер бойынша білімдерін кіріктіре білу икемділіктерін қалыптастыру;

-   оқушылардың туған өлке және ел туралы түсініктерін нақтылау және кеңейту;

-   оқушылардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамыту;

-   оқушылардың бойына отандастары алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

-   «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерін оқушылардың санасына енгізу;

-   Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру және насихаттау;

-   оқушылардың үздік жетістіктерін, оқу орындарының патриоттық тәрбие бойынша тәжірибелерін көрсету және насихаттау.

Конкурс өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

2. Конкурсты ұйымдастыру комитеті

5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан  әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды,

- Конкурстың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;

- Конкурс шараларының түрлерін, өткізу формаларын анықтайды;

- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

- Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

3. Конкурс қатысушылары

6. Конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 9-11 сыныптарының белсенді оқушылары мен көшбасшылары қатыса алады.

4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7. Конкурс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, мемлекет басшысы  Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының мазмұнын сонымен қатар, тарих, география, әдебиет және Қазақстанның мәдениеті бойынша бағдарламасын қамтиды.

8. Конкурс екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – аудандық/қалалық іріктеу (5-7 қараша, 2018 жыл);

Екінші кезең– облыстық (28-30 қараша, 2018 жыл, Өскемен қаласы).

Қатысшылардың келу күні – 28 қараша, (сағ. 14.00-ке дейін), қайтуы –  30 қараша.

9. Конкурсқа қатысу (№ 1 қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2018 жылғы 12 қарашағадейінкелесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ. Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

Аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын оқушылардың тізімі сұранысқа қоса тіркеледі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ұялы телефонының нөмірі.

10. Топ жетекшісі Конкурсқа қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұрғылықты жеріне дейінгі қайтар жолда өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.

11. Конкурсқа келіп жеткен соң, топ жетекшісі Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны мен мен білім беру ұйымдарының, үйінің мекен-жайы, телефоны, топ жетекшісінің тегі, аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3) дәрігерлік анықтама (әр қатысушыға);

4) қатысушының төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

12. Команда қатысушылары командалық костюмдерінің ерекше белгілерін дайындауы қажет (киімдерінің формасы, галстуктері, кепкалары, эмблемалары және т.б.).

5. Конкурсты өткізу шарттары

13. Конкурс үш айналымда өтеді.

1 тур – 3 номинация бойынша:

- Үй тапсырмасы – «Туған өлке – біздің бастамаларымыздың негізі» әлеуметтік акциясыкомандалық қатысу

Акцияны өткізу мерзімі: 12 – 18 қараша, 2018 жыл.

Әлеуметтік акцияның өтуі жөніндегі фотоесеп (суретте өткізілген уақыты белгіленуі қажет) фотобук форматында шығарылған және электронды түрде CD/DVD дискісінде ұсыныладыжәне 2018 жылдың 21 қарашасына дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ. Абая даңғылы.21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

Әлеуметтік акция «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының құндылық бағдарларына сәйкес және өлкетану мәселелерін анықтауға, оқып үйренуге және қаланың ( аудан, елді мекеннің, әлеуметтік топтың) мәселелерінің бірін Конкурс қатысушыларының күшімен әзірлеп шешуге бағытталған.

Өткізілген фотоесепкелесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

- Суреттер (25 см х 25 см форматында шығарылған) түрлі-түсті болуы қажет;

- Фотобуктың негізгі беті визитка түрінде: түсірілген күні, қатысушылардың тегі және аты, сыныбы, оқу орны, жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс атауы, номинациясы белгіленуі қажет

- Фотобуктың бірінші беті көкейкестілікті сипаттайтын мәтінді файл түрінде безендірілген, қатысушылардың атқарған жүмыстары қысқаша суреттеліп жазылып, жалпылануы қажет.    

- Фотобуктың соңғы беттері скриншот, көшірме және т.б. түрінде (пікір, түсініктеме, БАҚ мақала және т.б.) безендірілуі қажет.

Өткізілген әлеуметтік акцияны қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып бағалайды:

  1. Акция тақырыбына сәйкестігі;
  2. Көкейкестілігі;
  3. Әлеуметтік маңыздылығы;
  4. Инновациялығы;
  5. Серіктестік. Өткізілген акцияға акция нысанының, жұртшылықтың жауабы (пікірлер, түсіндірмелер);
  6. Ақпараттық қамтылуы (БАҚ баспаларында, Интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде);
  7. Фотосуреттер сапасы

Ескертпе: 2018 жылғы 12 – 18 қараша аралығында өткен акцияның фотоесебі ғана үй тапсырмасы шеңберінде бағаланады.

- Командалар үшін тарих, география, әдебиет және Қазақстанның мәдениеті бойынша викторина – командалық қатысу

Викторинаны өткізу күні: 28 қараша, 2018 жыл.

Әр команда 10 тапсырманы (жазбаша) шешуі қажет. Тапсырмалар орыс және қазақ тілдерінде әзірленеді. Тапсырмалар мазмұны 9-11 сыныптардағы мектеп материалдарының күрделендірілуіне сәйкес болуы қажет.

Викторина жауаптарын қазылар алқасы командалар жауабының нақтылығын ескере отырып тексереді және бағалайды.

- «Бәсекеге қабілетті, сындарлы, мықты, шығармашыл ХХІ ғасыр Тұлғасы» диалогтік алаңыкомандалық қатысу.

Диалогтік алаңды өткізу күні: 28 қараша, 2018 жыл

Мақсаты – қатысушыларға талданатын мәселеге деген өз көзқарасын ұсынуға мүмкіндік беру, болашақта немесе жалпы пікірді тұжырымдауға, немесе тараптардың әр түрлі позицияларын айқын белгілеуге қалыптастыру.

Талдауға арналған нақты мәселе тікелей талдау алдында ұсынылады.

Команда қатысушылары көзқарастарын өз беттерімен тұжырымдайды (дайындыққа 15 минут беріледі) және мәселені шешудегі өз нұсқаларын презентациялайды (презентациялау 3 минутқа дейін). Презентациялау құрылымы ерікті.

Команда қатысушыларының бірі оның капитаны болып табылады. Мәселені шешудегі нұсқасын презентациялаудың алдында капитан өзін және қатысушыларды таныстырады (командаларды таныстыру 30 секунд). Әр команданың өзінің девизі және сәлемдесуі болуы қажет.

Қазылар алқасы мүшелері және басқа команда өкілдері презентациялаудан кейін қатысушыларға нақтылаушы сұрақтар қоюға құқылы.

Диалогтік алаң жұмысын қорытындылау кезінде барлық қатысушыларға талдау мәселесі бойынша қосымша сөйлеуге уақыт (командадан бір сөйлеуші, 30 секундқа дейін) беріледі.

Командалардың орындауын қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып бағалайды:

  • қатысушылардың біліктілігі;
  • ұсынымдардың тәжірибеге қолдануға жарамдылығы;
  • қатысушылардың өзіндік шығармашылығы;
  • белсенді өмірлік ұстаным танытуы;
  • өз ойын еркін жеткізе білу қабілеті;

Бірінші айналым қорытындысы бойынша 3 номинацияда ең жоғары ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Бірінші айналымның жеңімпаз және жүлдегер 10 командасы екінші турға қатысушы ретінде өтеді. Бірінші айналымның жеңімпаздар мен жүлдегерлер ондығына ене алмаған командалар екінші айналымға бақылаушы ретінде қатысады.

2 айналым«Не? Қайда? Қашан?» форматындағы «Өз жеріңді танып біл» интеллектуалдық ойыны.

Интеллектуалдық ойынды өткізу күні: 29 қараша, 2018 жыл.

Командалар жауабының нақтылығын ескере отырып, сарапшылар командалардың жауаптарын тексереді және бағалайды.

«Өз жеріңді танып біл» интеллектуалдық ойынында барынша көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанады.

6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

14. Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.

15. Конкурс қорытындысы бойынша командалар номинациялармен марапатталады. Екі айналымның ұпай жиынтығының қосындысы бойынша ұпай санын көп жинаған командалар жеңімпаз болып табылады. Конкурстың жеңімпаз командалары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына ШҚО атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, шығармашыл ғылыми зиялылар өкілдері кіреді.

7. Қаржыландыру

16. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушылардың іссапар шығындары (екі жаққа) жіберуші жақ есебінен төленеді.

№1 Қосымша

 

«Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсына қатысуға

Өтінім

Қатысушының тегі, аты-жөні

Аудан/қала

Білім беру ұйымы

Сыныбы

Жетекшінің тегі, аты-жөн

Жетекшінің лауазымы

Жетекшінің ұялы телефонының нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8