2018 жылдың 27 қазанында облыстың барлық аймақтарының 1-7 сынып оқушыларының жас зерттеушілері республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінеқатысты.
Конкурс Өскемен қаласының № 47 орта мектебінің базасында оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізілді.
Оқушылар әділ қазылар алқасының назарына мынадай салалар бойынша жұмыстарын ұсынды: математика, информатика; физика, техника; қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; биология, химия; валеология, экология; тарих, өлкетану, этномәдениеттану; медицина, психология.
Сонымен қатар байкау қатысушыларына қозғалатын ойындармен, би, мультфильмді тамашалаудан тұратын ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Конкурстың аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша 167 қатысушысылары (138 жоба) жеңімпаз атанды.
I дәрежелі дипломдар 40 қатысушылары (35 жобалар), 2 орын – 52 қатысушылар (41 жобалар), ІІІ орын – 75 қатысушылары (62 жоба).
Жеңімпаздар тізімі қоса беріледі.
Марапаттау рәсімінде барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға одан әрі табыс тілейміз!