Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі №389/15-11-07 хатына сәйкес, 2018 жылдың 7-8 қарашасы аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында «Функционалдық сауаттылыққа негізделген адами құндылықтарды қалыптастыру» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинары (бұдан әрі – Семинар) өтетінін хабарлаймыз.
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру сапасын жетілдіру үшін негізгі бағыт ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, іс-әрекеттердің мақсаттылығымен, тұтастығымен және жүйелілігімен қамтамасыз ету.
Семинарға білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары, педагогтары қатыса алады.
Іс-шараны өткізу туралыақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.
Семинарға келу күні – 6 қараша, қайту күні – 8 қараша, сағат 19.00-ден кейін.
Әр қатысушыға 22 қазанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/ZKOseminar сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.
Семинарға қатысу туралы сұранысты 2018 жылдың 22 қазанға дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Облысы |
Жұмыс орны |
Лауазымы |
|
Қонақ үй қажеттілігі, байланыс телефоны |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
Іс-сапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.