+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жаратылыстану пәндері сабақтарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізу туралы
09 Қаз, 12:17

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі№ 400/15-11-07 хатына сәйкес, 2018 жылдың 31 қазанымен 2 қарашасы аралығында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану пәндерін оқытудың технологиясы кафедрасының базасында химия, биология, география пәні мұғалімдеріне арналған «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жаратылыстану пәндері сабақтарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинары (бұдан әрі – Семинар) өтетінін хабарлаймыз.

Семинардың мақсаты – педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіру, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруды, жаратылыстану пәндері сабақтарында өздігінен білім алуды және өзін-өзі жетілдіруді қамтамасыз ету, арнайы білім беру жүйесін білім беру ортасына кіріктіру.

Іс-шараны өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Семинарға келу күні – 30 қазан, қайту күні – 2 қараша, сағат 17.00-ден кейін.

Әр қатысушыға 18 қазанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/SeminarOsen сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Семинарға қатысу туралы сұранысты 2018 жылдың 18 қазанына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

Қала/аудан, мектеп

Пәні, оқыту тілі

Еңбек өтілі, санаты

Байланыс телефоны

Қатысушының e-mail

Қонақ үй қажеттілігі

1

 

 

 

 

 

 

 

 

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, бару-қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді. Республикалық семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 15 000 (он бес мың) теңгені құрайды. Қатысушыларды тіркеу ұйымдастыру жарнасын төлеу түбіртегі  негізінде жүзеге асады.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану-география институтының мекен-жайы:Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30.

Қатысушыларға «Алматы» қонақ үйінде тұру қарастырылған. Қонақ үйдің мекен-жайы: Қабанбай батыр, 85, тел: +7/7272/720080, +7/7272/720052. Бір адамға тәулігіне тұруы 9 000 (тоғыз мың) теңгені құрайды.

Үлгі бойынша сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және төлеу туралы түбіртекті а.ж. 22 қазанға дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына немесе факсқа 8/7172/  29-49-98,  e-mail: gulden.berdenova.76@gmail.com жіберуге болады.

Қосымша ақпаратты мына тел. алуларыңызға болады: 8/7172/ 29-49-98, ұ.т. +7 7711008933, 87071078933.

Оқу семинарының жарнасын төмендегі реквизиттерге төлеуге болады:

РЕКВИЗИТТАР:

РГКП  РНПЦ «Дарын»

БИН   990240007434

ИИК(IBAN)  KZ566010111000021443

БИК   HSBKKZKX

АО «НарСберБанк Казахстана»  г. Астана

КБЕ  16

г.Астана пр. Республики 34 А

КНП 861