+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңінің қорытындысы
27 Қыр, 16:27

Жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша 11 сынып оқушылары үшін Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі 2018 жылдың 26 қыркүйегінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты оқушылардың жаратылыстану-математика бағыты пәндерін оқуға қызығушылықтарын арттыру, теориялық білім мен біліктілікті тереңдету.

Олимпиадаға жалпы білім беретін 46 мектеп пен 6 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептен аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар төрт пән бойынша өз білімдерін көрсетті: математика, физика, биология және химия.

Құрамына облыстың жетекші ғалымдары енген білікті қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады.  

Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша жоғарғы ұпай жинаған 20 қатысушы 2018 жылы 17 қазанда өткізілетін Президенттік олимпиаданың қашықтық кезеңіне қатысады.

Біруақытта барлық аймақтарда on-line тәртібінде балалар 2 кезеңнен өтеді: қашықтық (тест жұмысы) және шығармашылық (эссе жазу).

Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 2018 жылдың қараша айында Теміртау қаласында өтеді.

 

Алдағы уақытта табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!