Кез-келген халықтың басты құндылықтарының бірі – өз дәстүрлерін сақтау, ата-баба тарихын зерттеу.
Конкурс бірнеше кезеңде өткізіліп, 2018 жылдың маусымында жазғы этнографиялық мектептен бастау алды. Жазғы мектеп аясында қатысушылар тарихшы-этнографтардың, фольклористтердің, тілтанушылардың этнографиялық зерттеулерді өткізудің методологиялық негізі, зерттеу бағдарламасын әзірлеу, қауіпсіздік техниканың ережесін меңгеру бойынша лекцияларды тыңдады. Сонымен қатар, қатысушылар келесі бағыттар бойынша семинарларға қатысты: ШҚО халықтарының этнографиясы, тарих және этнография, тіл білімі мен этнография, этнос пен табиғи ортаның байланысы, этногенез, халық шығармашылығы.
Қызмет бағытын алған жас этнос зерттеушілері біздің жеріміздің аумағында тұрған халықтардың тұрмысы мен дәстүрлерін айқындайтын материалдырдың кеңейген ізденісіне көшті, аудандарда қәзіргі заман халықтарының өміріне бақылау жүргізді, стационарлық және экспедициялық зерттеулер жасады, коллекция жинақтаумен және т.б. айналысты. Кейін балаларды этнографиялық деректерді өңдеу және анализдеу мен этножобаларды әзірлеу сияқты қызықты жұмыстар күтті.
Балалар «Алтын қазына» конкурсының барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, 2018 жылдың 19-21 қыркүйегі аралығында Таулы Үлбі өзенінің жағалауында «Дарын» ШҚ ӨҒПО-да конкурстың қорытынды кезеңінде қызықты ғылыми жобаларын ұсынды.
Шара қатысушыларды өз бастауларына қайтару, әрқайсысы бір үлкен этностың бөлігі бола алатын мереке атмосферасына бөлеу үшін бүкіл облыстан 162 оқушыны жинады.
Қатысушылардың ғылыми жобалары стилдерінің әртүрлілігімен және орындау бірегейлігімен ерекшеленді. Командалардың әрқайсысы Шығыс Қазақстан халықтарының мәдениетін, дәстүрін және салттарын, халық мерекелерінің атмосферасы мен тойлануын, қоршаған әлемді қабылдауды өзінше ұсынып, өз ғылыми тәсілдері мен шығармашылық шешімдерін көрсетті.
«Алтын қазына» конкурсының басты мақсаттарының бірі – оқушыларды рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу, сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның этномәдени мұрасымен және сантүрлі фольклорлы өнерімен таныстыру.
Жобаларды қорғау нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен Өскемен қаласының командасы марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған командалар:
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу мамандандырылған дамыта оқытатын орталық-мектеп;
- Зайсан ауданы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған командалар:
- Жарма ауданы;
- Зырян ауданы;
- Аягөз ауданы;
- Көкпекті ауданы;
- Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі.
«Дала үні» ұлттық фольклор мен халық әуені фестивалі жарқын финал болды. Фестиваль қонақтары қатысушыларға халықтық композицияларды орындаған «Алтай» халықтық аспаптар ансамблі, кәріс этномәдени орталығының «Инсоноре» ансамблі атанды.
Қатысушы командалар хореография, халықтық вокал, халық әуенін аспапта орындау, театралдық шығармашылық номинацияларында шығармашылық нөмірлерді ұсынды. Балаларды құрамына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Ертіс концерттің» солисті – Ткач Вячеслав Михайлович, «Ертіс концерт» Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестірінің бас дирижеры - Рысханов Шалкар, «Ладушки» фольклорлық ұжымының жетекшісі – Новикова Оксана Валерьевна, «Аққу-Үміт» үлгілі халықтық би хореографиялық ансамблінің жетекшісі – Марубекова Нургуль Омархановна, Шығыс Қазақстан облыстық драма театр жастар театрының актері – Ақылбеков Едіге Қайыртайұлы, Шығыс Қазақстан әкімдігі аппаратының Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының БАҚ бойынша жұмыс бөлім басшысы - Асқан Тәттімбек құрамындағы әділ қазылар алқасы бағалады.
«Хореография» номинациясында І дәрежелі дипломмен Ұлан ауданының командасы марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен Көкпекті ауданының командасы, ІІІ дәрежелі дипломмен Глубокое ауданының командасы марапатталды.
«Халықтық вокал» номинациясындаІ орынды Зырян ауданы командасы, ІІ орынды Абай ауданының командасы жеңіп алып, ІІІ орынды өз араларында Жарма ауданының және Семей қаласының командалары бөлісті.
«Театралдық шығармашылық» номинациясында Аягөз ауданының командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу мамандандырылған дамыта оқытатын орталық-мектеп командасы, ал ІІІ дәрежелі дипломмен Курчатов қаласының және Тарбағатай ауданының командалары марапатталды.
«Халық әуенін аспапта орындау» номинациясында Күршім ауданының командасы ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.
Марапаттау рәсімі барысында конкурстың жеңімпазары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сонымен қатар естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар балалар үшін қызықты әрі әсерлі болған қолөнер жермеңкесі болды. Авторлық және бірегей жұмысты бағалаушылар жүннен, киізден, бисерден және басқа материалдардан жасалған қолөнер бұйымдарын бағалай алды.
Конкурстың бағдарламасы ұлттық ойындарға, этно-кештерге, тематикалық тимбилдингте және квестке қатысу сияқты түрлі шараларға толы болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналарын және жетекшілерін құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс пен жеңістер тілейміз!