Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында Леонард Эйлер атындағы халықаралық олимпиаданың аймақтық турнирі өтетінін хабарлайды. (бұдан әрі – Олимпиада)
Олимпиада 8 сыныптар арасында математика пәнінен өтеді. Сондай-ақ олимпиадаға 8-9 сынып деңгейіндегі дайындығы бар 7 сыныптар да қатыса алады.
Олимпиада 3 этаптан тұрады: қашықтықта (online режимінде), өңірлік (іштей), қорытынды (іштей). Олимпиаданың бірінші іріктеу турына қатысу үшін оқушылар тіркеудің бірыңғай жүйесінің оқушыларға арналған reg.olimpiada.ru. парақшасындағы тіркеуден өту керек.
Қалалық (аудандық), білім бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған арнайы мектеп директорлары тіркелген қатысушылардың өтінімін төмендегі үлгіге сәйкес 2018 жылдың 5 қарашасына дейін vk_daryn@mail.ru (ШҚ ӨҒП «Дарын») почтасына жіберу керек:
|
Қатысшының аты- жөні |
ЖСН |
Аудан-қала |
Мектеп |
Сынып |
Оқитын тіл |
Оқушыны даярлаған мұғалімнің АЖТ |
Үйлестірушінің АЖТ, телефоны (ұялы,жұмыс) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өңірлік турға іріктеу турынан 38 баллдан төмен емес балл жинағанқатысушы өтеді.
Олимпиадаға қатысу бойынша қосымша ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: 8 (7232) 700-244, 742266.