Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жыл сайын 11 сынып оқушылары үшін Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиада қатысушылары барлық кезеңде математика, физика, химия, биология пәндері бойынша тапсырмалар орындайды.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – өңірлік (мектепішілік), бір уақытта - 2018 жылдың 26 қыркүйегінде өткізіледі;
- екінші кезең – іріктеу, 2 айналымда өткізіледі: бірінші айналым (қашықтық) республика бойынша бір уақытта 2018 жылдың 17 қазаны күні сағат 10.00-де (Астана уақытымен), екінші айналым (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 14.00-де (Астана уақытымен) өткізіледі;
- үшінші кезең – республикалық , 2018 жылдың 13-16 қарашасында өткізіледі.
Осыған орай, аудандық/қалалық білім бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер 2018 жылғы 19 қыркүйекке дейін өңірлік кезеңге қатысу үшін төрт пән бойынша (бір уақытта) қатысушыларды сапалы іріктеуден өткізіп,үлгіге сай (қатысушылардың жеке құжаттарының көшірмесімен) өтінімді (оқу тіліне қарамастан) ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына, Абай даң., 21, 3 қабат, мекен-жайына, 8-7232-55-20-12 тел/факсы, e-mail: vk_daryn@mail.ru бойынша жолдау қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Оқушының аты-жөні, тегі (құжат бойынша) |
Аудан/қала |
Мектебі, мекен-жайы |
Оқу тілі |
Қатысушылардың байланысдеректері, ЖСН |
Жетістіктері |
Қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Олимпиаданы өткізу ережесі www.shygysdaryn.kzсайтында орналасқан.
Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық сұрақтар бойынша 8 (7232) 700-244, 742-266 телефондарына хабарласуға болады.