|
Өтетін орны: «Дарын» ШҚ ӨҒПО Таулы Үлбі |
Өтетін күні: 10-12 қыркүйек, 2018 ж. |
10 қыркүйек 2018 жыл Президенттің «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық форумы өз жұмысын бастайды
Форумның мақсаты – мектеп оқушыларын экологиялық білімге және табиғатты қорғау шараларына тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың мақаласында, атап өткендей басты шарттарының бірі қоғамдық сананы жаңғырту өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау, іргелі негізі – патриотизм болып табылады. Халықтың ұлттық коды туған жеріне, оның ішінде туған өлкенің табиғатына ерекше көзқарас арқылы қалыптасады.
Облыстық форум мемлекеттік басқару ұйымдар өкілдері арасында тәжірибе алмасуға және оқып білуге, азаматтық сектор, педагогтар мен оқушылардың экология саласындағы өлкетанудың проблемаларын шешуде, қорларды үнемдеу, табиғи және жасанды экожүйелерді қорғау мен сақтауда, ірі коммуникативтік және құзыретті алаң болады. Форумның жұмысы «Туған өлкенің табиғатын аяла» ғылыми-практикалық конференция түрінде және «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» номинациялар бойынша зерттеу жобаларының конкурсы ұйымдастырылды. Бағдарламаға: облыстың алдыңғы қатарлы педагог-экологтардың шеберлік-сыныбтары, «Қалдықтардан – табыстарға» шығармашылық жұмыстар көрмесі, «Экоәлем» бейнероликтердің презентациясы, «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» экологиялық квест,экскурсия, «Жасыл әлем» экологиялық акциясы енгізілді. Облыстық форумның қатысушылары: форумның мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңінен өткен ШҚО жалпы білім беру мекемелерінен 6-10 сыныптардың 200 оқушылары.
Ғылыми-практикалық конференцияның облыстық форумыныңпленарлық отырысына: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының, «Нұр Отан» ШҚО ПФ, ҚР Энергетика министрлігі экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің ШҚО бойынша экология департаментінің, Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балалар биологиялық орталығының», Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығының» өкілдері қатысады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша оқиғаларды жариялауға қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін жас өлкетанушы-экологтар мен натуралисттердің «Табиғатты аяла» облыстық форумының пленарлық отырысына 2018 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 14.00-де шақырамыз.
БАҚ өкілдері үшін Таулы Үлбіге дейін және қайтар жол көлікпен қамтамасыз етіледі.
Өскемен қ., Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО,
тел.: 8/7232/55-20-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru,
баспасөз-хатшысы- Абсалямова Айгерим Кайратовна