2018 жылдың 7-17 және 19-29 тамызы аралығында «Мақтанамын, кең байтақ, Шығысыммен» атты Шығыс Қазақстанның ақындары мен жазушыларының туындыларын мәнерлеп оқу конкурсының, «Жастар таланты – туған өлкеге арналады» ең үздік авторлық шығарма конкурсының, жаппай диктант номинацияларындағы «Әдеби Шығыс» конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Әдеби Шығыс» бейіндік ауысымының жарқын және байытылған бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама аясында балалар «Абайтану және Әуезовтану әдістері» әдеби шеберлік-класына, өлеңқұрастыру, «Певец земли иртышской» өлкетану сағатына қатысты.
Әдеби студиялардың жұмысы жоғарғы оқу орындарының, облыстық театрлардың ғалым-әдебиетшілерінің, баспа басылымдарының қызметкерлерінің басшылығының қатысуымен өткізілді. Балалар поэзия әлемімен, шешендік өнердің негізімен, әдеби мұрамен танысты.
Кейін Өскемен қаласының жазушылары Б.В. Щербаков, А.А. Кантарбаевпен кездесу өтті. Еркін әңгіме атмосферасы барысында жазушылар балалармен өздерінің шығармашылығымен бөлісті.
Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының драматургы, актеры, режиссеры С.Б. Астраханцевпен, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Жастар театрының көркемдік жетекшісі А.А. Салбановпен, Р.Б. Степенскиймен өткізілген «Театр өнері» шеберлік класында балалар түрлі жанрдағы театрлық қойылымдарды қоюға үйренді.
Жас әдебиетшілер театрлық шығармашылық конкурсына қатыстып танымал қойылымның үзіндісін, өлеңдерді, прозалық үзіндіні, би композициясын орындауға тырысып, өздерінің актерлік шеберліктерін шыңдады.
Қатысушыларға «Таланттар шоқжұлдызы» әдеби шығармашылық конкурс-фестивалінде әдебиет саласындағы талантты авторларға, кең аудиторияға өздерін және өздерінің туындаларын, сонымен қатар вокалдық және аспаптық өнердегі қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік туды. Сонымен қатар, балалар үшін Өскемен қаласының бардтарының қатысуымен ән кеші өткізілді.
Ауысым барысында балалар Шығыс Қазақстан өңірінің мәдени-тарихи жерлеріне оқу-тәжірибелік турға аттанды.
Семей қаласында балалар Абай Құнанбаев атындағы мұражай, Ф.М. Достоевский атындағы мұражай, сонымен қатар Невзоровтар әулетінің өмір бойы жиналған картиналар коллекциясының басым бөлігі көрсетілген мұражай сияқты жерлерге саяхаттады. Мұражайларда балаларға өнердің тарихы, оның бағыттарын және Қазақстандағы дамуы жайлы ақпарат берілді. Онда басым назар кескіндеме мен графикаға бөлінген. ХVI ғасырдың батыс бағытындағы қазақстандық, ресейлік суретшілердің жұмыстары балалардың көбін таң қалдырды.
Ең ерекше есте қалғаны Абай Құнанбаевтың туған өлкесі Жидебай шатқалына ұйымдастырылған саяхат болды. Бұл жерде балалар өз көздерімен Абайдың тұрған жерін және өзінің ұлы туындыларын жазған жерді тамашалады. Сонымен қатар, Абай мен оның шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы жерленген мемориалға барды. Кесене кешені ұлы Абайдың және өмірден ерте өткен шәкірті Шәкәрімнің өмір тарихы мен шығармашылығын бейнелейді.
Шемонаиха ауданының тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жергілікті археологиялық олжалар, халық шығармашылығы және Шемонаиха қаласының тумасы, танымал экранизацияланған романдардың авторы, жазушы А.С. Ивановтың шығармашылығы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, балалар «Тени исчезают в полдень» фильмы бойынша оқиғалар желісі орын алған Марьин шатқалына барды. Бұл шатқалда фильмнің кейіпкері Марья Воронова есіміне ескерткіш орнатылған.
Саяхат балаларға жағымды әсер қалдырды. Олар Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасы жайлы көптеген жаңа және пайдалы ақпараттар алды.
2018 жылдың 25 тамызында өскелең ұрпақты туған өлкенің әдеби мұрасына баулу, әдебиет саласында оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту, оқырмандық қабылдауды және түсінікті қалыптастыру мақсатында бейіндік ауысымның жұмысын тәмамдаған «Менің өлкем – менің шабытым» облыстық форумы өткізілді.
Форум білім беру модулі жұмыстарының интербелсенді түрлерімен, соның ішінде тренингтер, шеберлік кластар, TED конференцияға толы болды.
300ден астам оқушы өздерін мазалаған сұрақтарының жауаптарын ала отырып, сонымен қатар өздерінің болашақ жобаларымен және идеяларымен бөлісіп, спикерлер рөлінде сөз сөйлеуге, халық назарына өздерінің авторлық шығармаларын ұсынуға мүмкіндік алды.
А. Пушкин ат. Шығыс Қазақастан облыстық кітапхана өкілдерімен Абай шығармалырының көрмесі – «Біздің Абай» әдеби керуені өткізілді. Форум балаларға ұлы ойшылдардың рухымен, өмірімен және шығармашылығымен жақындасуға, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін сезінуге бірегей мүмкіндік берді.
О. Бөкей ат. орталықтандырылған кітапхана кешені «ШҚО 25 ғажап жері. ШҚО әңгімелері мен аңыздары» танымдық бағдарламасын ұсынды.
Балалар «Менің өлкем – меніңшабытым» әдеби шығармашылық конкурс-фестивалінде белсенді және әсерлі өнер көрсетті. Өнер көрсету барысында Абай мен Шәкірімнің әндері және форум қатысушыларының шығармалары орындалды.
Ауысымның жабылу салтанаты жарқын финалға ұласты. Сертификаттарды табыстау, ізгі тілектер және есте қалатын фотосуреттермен алмасу, осындай аз уақыт ішінде достар атанған балалар үшін жаңа бір кездесуге үміт сыйлады.