+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ «МЕНІҢ ӨЛКЕМ – МЕНІҢ ШАБЫТЫМ»
24 Там, 15:36

Өтетін орны:                                                                         Өткізілу уақыты:

Өскемен қаласы, ШҚ «ДАРЫН» ӨҒПО                             25 тамыз 2018 жыл

Таулы Үлбі                                                                        

 

2018 жылдың 25 тамызында Президенттің «Руғани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында  «Тәрбие және білім» бағдарламасы бойынша « Әдеби шығыс» профилді ауысымы  аясында облыстық «Менің өлкем-менің шабытым» атты форумы өтеді

Форумның мақсаты - туған өлкенің әдеби мұрасына өскелең ұрпақты баулу, қатысушылардың әдебиет саласындағы танымдық белсенділігін дамыту және қабылдау, түсіну мәдениетін қалыптастыру.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі шарттарының бірі  өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтайтын, ұлттық негіз - патриотизм болып табылатын  айтқан болатын. Халықтың ұлттық коды туған жеріне, оның ішінде туған жерінің әдеби мұрасына ерекше қарым-қатынас арқылы қалыптасады.

Облыстық форум атқарушы билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері мен қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға және тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін коммуникативті және құзіретті алаң болады.

Форум жұмысы ТЕDх форматындағы конференция түрінде ұйымдастырылып, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының қоғам қайраткерлері, журналистердің, филологтардың  қатысуымен өткізіледі және «Менің өлкем – менің шабытым» әдеби туындыларының шығармашылық конкурсы ұйымдастырылады. Сонымен қатар форум бағдарламасында:

- Шығыс Қазақстан облысының жазушылары мен ақындарымен әдеби кеші;

- А.С.Пушкин атындағы  Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының, Орталықтандырылған Оралхан Бөкей атындағы кітапханасының, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өкілдерінің шеберлік сыныптары өткізіледі.

Облыстық форумға қатысушылар: жалпы саны 400- ге жуық Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары, «Әдеби Шығыс» конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

 

Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ШҚ  «ДАРЫН» ӨҒПО

Тел: 8/7232/55-20-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru,

баспасөз-хатшы - Абсалямова Айгерим Кайратовна