І. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әзірленді және жас тарихшылардың «Менің кіші отаным» облыстық интеллектуалдық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, өткізу тәртібі мен қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
1.2. Конкурс ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.
1.3. Конкурстың мақсаты: туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.
1.4. Конкурстың негізгі міндеттері:
- өлкетануды оқуға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау және қолдау;
- туған өлке тарихын оқуға деген танымдық қызығушылықтарын ынталандыру;
- тарихи өлкетану саласындағы оқушылардың бастамалары мен зерттеушілік идеяларын анықтау және қолдау;
- жалпы тарих, өз жеріңе, туған аулыңа, қалаңа, өлкеңе деген сүйіспеншілік негізінде жалпықазақстандық сәйкестік пен бірлікті қалыптастыру.
ІІ. Конкурсты ұйымдастыру комитеті
2.1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;
- Конкурстың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
- Конкурс шараларының түрлерін, олардың өткізілуін анықтайды;
- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;
- Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ жариялауды қамтамасыз етеді.
2.2. Конкурстың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2.3. Қазылар алқасы қатысушылар ұсынған материалды келесі критерийлер негізінде бағалайды:
- тақырыптың сапасы және толық ашылуы (жұмыстың номинация мен тақырыпқа сай болуы, мазмұндылығы, зерттеу дәрежесі);
- қорытынды айқындығы, көркемдік шеберлігі, жұмыстың орындалу техникасы және сапасы (ойлау ерекшелігі), автордың жас ерекшелігінің шығармашылық деңгейіне сәйкестігі;
- «Менің туған өлкем» номинациясы үшін: мәселені кешенді түсінікпен көрсетудегі жеткізу стилі, жеке көзқарасы, тақырыпты теориялық және практикалық деңгейде терминологиялық аппараттарды әдепті пайдалану арқылы ашу, дереккөздерге сілтемелерді дұрыс хронологиялармен беру, дәйексөздерді алу, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасау керек.
ІІІ Конкурс қатысушылары
3.1. Конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 9 сынып оқушылары қатыса алады.
3.2. Конкурстың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
IV. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4.1. Конкурс үш кезеңде өтеді:
1) Бірінші кезең – мектепішілік (іріктеу), ағымдағы жылғы 28 қыркүйекке дейін;
2) Екінші кезең – аудандық/қалалық, ағымдағы жылғы 3 қазанға дейін;
3) Үшінші кезең – облыстық, ағымдағы жылғы 18-20 қазан, Өскемен қаласы.
Облыстық кезең «Дарын» ШҚ ӨҒПО дайындаған тапсырмалары бойынша өтеді.
4.2. Конкурсқа қатысу (1 Қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс ағымдағы жылғы 5 қазанға дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.
4.3. Сұранысқа қоса тіркеледі:
1) Конкурстың аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен топ жетекшілерін Конкурсқа жіберу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген бұйрықтың көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, үйінің мекен-жайы, номинациясы, жұмыстың атауы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) қатысушылардың жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
4.4. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын команданың сандық құрамы 8 адамға дейін: 7 қатысушы және 1 топ жетекшісі. «Менің туған отаным» (эссе) номинациясында команда 4 қатысушыдан және келесі номинациялар бойынша: «Менің кіші отаным» (бейне – репортаж), «Кіші отанымның символы» (бейне), «Менің кіші отанымның болашағы» (макет) 1 қатысушыдан қатысады. Команданың барлық қатысушылары Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеуден өтеді.
4.5. Топ жетекшісі Конкурсқа қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұрғылықты жеріне дейінгі қайтар жолындағы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.
4.6. Топ жетекшісі өзімен бірге келесі құжаттарды алып жүруі қажет:
1) Конкурстың аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен топ жетекшілерін Конкурсқа жіберу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген бұйрықтың көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, үйінің мекен-жайы, номинациясы, жұмыстың атауы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) қатысушылардың жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
4) дәрігердің қолы қойылған және мөр басып расталған рұқсат-анықтама.
4.7 Аудан/қала делегацияларының әрқайсысының киім элементтерінде ерекше белгісі, сонымен қатар, спорттық киім, қосалқы киім, аяқ-киім және жеке бас гигиенасына қажетті заттары болуы қажет.
V. Конкурсты өткізу шарттары
5.1. Конкурс екі айналымда өтеді:
І айналым – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеу;
ІІ айналым – 4 номинация бойынша:
- «Менің кіші отанымның тарихы» номинациясында елді мекеннің тарихын ашып беру (географиялық атауы, құрылу тарихы, негізгі даму кезеңдері, жердің табиғи-климаттық ерекшеліктері, халықтың саны, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы кәсіпорындар мен мекемелер туралы ақпарат, т.б.) презентациялау форматында бейне – репортаж;
- «Кішкентай отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші jтанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
- «Менің кіші отанымның болашағы» номинациясында макетті презентациялау;
- «Менің туған өлкем» номинациясында – өз елді мекені туралы эссе жазу.
VI. Конкурс материалдарына қойылатын жалпы талаптар
6.1. «Менің кіші отанымның тарихы», «Кіші отанымның символдары» номинациялары бойынша бейнематериалдар келесі техникалық талаптарға сай болуы қажет:
1) Рұқсат етілген фото форматы: 1280 x1024;
2) Бейнефильм форматы MPEG-4 немесе AVI бейне форматы (hd720) кем болмауы қажет;
Сөйлеу уақыты 10 минуттан аспауы қажет.
6.2 Конкурс қатысушылары ұсынылған жұмыстары бойынша (музыканың, фотосуреттің, мәтіндердің және т.б. заңды пайдалану) авторлық құқықты сақтауға кепілдікті қамтамасыз ету.
6.3. Қатысушылардың жұмыстары авторлық құқықты сақтауға кепілдік бере отырып, Конкурсты насихаттау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан пайдаланылуы мүмкін.
VII. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
7.1. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
VIII.Қаржыландыру
8.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.
Слетке қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа барып келу) жіберуші жақ есебінен төленеді.
1 Қосымша
«Менің кіші отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсына қатысуға сұраныс
____________________ауданының (қаласының) командасы
|
№ |
Номинациясы |
Қатысушының тегі, аты-жөні |
Туған жылы |
Сыныбы
|
Білім беру ұйымы |
Үй мекен-жайы, байланыс телефоны
|
Қатысушыны дайындаған педагогтың тегі, аты-жөні
|
|
1. |
«Менің кіші отанымның символы» (бейне) |
|
|
|
|||
|
2. |
«Менің кіші отанымның тарихы» (бейне– репортаж) |
|
|
|
|||
|
3. |
«Менің кіші отанымның болашағы» (макет) |
|
|
|
|||
|
4. |
«Менің туған өлкем» (эссе) |
|
|
|
|||
|
5. |
|
|
|
||||
|
6. |
|
|
|
||||
|
7. |
|
|
|
Топ жетекшісі:(Тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) ___________________________________
Білім бөлімінің басшысы ________________________ аудан, қала ______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)