Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2018 жылдың 10-12 қыркүйек аралығында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық форумын өтетінін хабарлайды.
Форумның мақсаты – мектеп оқушыларын экологиялық білімге және табиғатты қорғау шараларына тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форум үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу (3 қыркүйек 2018 жыл).
Екінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (5 қыркүйек 2018 жыл).
Үшінші кезең– облыстық (10-12 қыркүйек 2018 жыл).
Мектепішілік іріктеу, аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің қатысушыларының квотасы Форумды өткізу туралы Ережесінде көрсетілген.
Форумға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 2003-2006 жылдары туылған6-10 сынып оқушылары қатыса алады. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық форумына аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Әр аудан/қала командалардың сандық құрамы – 9 адам: 8 қатысушы және 1 топ жетекшісі.
Форумда қатысушыларға келесі бөлімдер бойынша жеке және ұжымдық жұмыстар ұсынылады:
1) Ғылыми-практикалық конференция «Туған өлкенің табиғатын аяла»– түрлі бағыттар бойынша 4 қатысушы.
2) Зерттеу жобаларының конкурсы– түрлі бағыттар бойынша 3 қатысушы.
3) Шығармашылық жұмыстар көрмесі «Қалдықтардан – табыстарға»-команда үштен артық емес жұмысты ұсына алады, 1 қатысушы қорғайды.
4) «Экоәлем» бейнероликтердің презентациясы– командалық қатысу.
5) Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» - командалық қатысу.
Әр делегация үшін шығармашылық және зерттеу жұмыстарын бағыттар бойынша (номинациялар) орындау міндетті шарт болып табылады.
Білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген форумға қатысу (1-қосымша) туралы сұранысты 2018 жылғы 5 қыркүйекті қосқанда мына мекен-жайға жіберуге болады: Өскемен қ. Абай даңғ. 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.
Сұранысқа қоса тіркеледі:
1) Аудан, қала мектепішілік іріктеу кезеңінің ұйымдастыру және өткізу туралы есебі, үлгі бойынша (Форум ережесінде көрсетілген);
2) аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің ұйымдастыру және өткізу туралы есебі үлгі бойынша (Форум ережесінде көрсетілген);
3) білім бөлімінің бастығының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының форумның аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздарынжәне топ жетекшілерін облыстық форумға қатысу үшін бұйрықтың көшірмесін;
4) қатысушылар туралы мәлімет (А.Ж.Т., туған жылы, сыныбы, оқу орны мен білім беру ұйымдарының мекен-жайы, телефоны, жұмыстың аты, номинациясы, топ жетекшісінің А.Ж.Т., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
5) қатысушының және топ жетекшісінің төлқұжатының немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Форумды өткізу Ережесі www.shygysdaryn.kzсайтында жарияланған.