Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2018 жылдың 2-5 қазан аралығында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсыөтетінін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – оқушыларды тарихи және өлкетану біліміне араластыру, өскелең ұрпақ бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұлттық өзіндік менін және өзінің кіші отанына деген қуаныш сезімін анықтау.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу (14 қыркүйек 2018 жыл).
Екінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (21 қыркүйек 2018 жыл).
Үшінші кезең– облыстық (2-5 қазан 2018 жыл).
Мектепішілік іріктеу, аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің қатысушыларының квотасы Конкурс Ережесінде көрсетілген.
Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары қатыса алады. «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсына аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары. Әр аудан/қала командаларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден командалардың сандық құрамы 8 адамға дейін: 7 қатысушы және 1 топ жетекшісі.
Конкурста қатысушыларға келесі бөлімдер бойынша жеке және ұжымдық жұмыстар ұсынылады:
1) Көрме «Менің отбасымның тарихы-туған өлкемнің тарихы»-командадан 1 қатысушы.
2) Зерттеу жұмыстары мен жобаларының конкурсы «Кіші Отанымның тарихы – елдің тарихы» -түрлі бағыттарда 3 қатысушы.
3) Өлкенің тарихын, тарихи тұлғаларын, айтулы оқиғаларды білуге арналған олимпиада – командадан 3 қатысушы.
Конкурс өткізу шеңберінде «ШҚО тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында шеберлік сыныбын және экскурсиялар өткізу жоспарланып отыр.
Шығармашылық және зерттеу жұмыстарын, олимпиада тапсырмаларын бөлімдер бойынша (номинациялар) орындау әрбір команда үшін міндетті шарт болып табылады.
Білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген конкурсқа қатысу (Конкурс Ережесінде көрсетілген) туралы сұранысты 2018 жылғы 25 қыркүйекке дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: Өскемен қ. Абая к. 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.
Сұранысқа қоса тіркеледі:
1). Аудан, қала мектепішілік іріктеу кезеңінің ұйымдастыру және өткізу туралы есебі, үлгі бойынша (Конкурс Ережесінде көрсетілген);
2). аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің ұйымдастыру және өткізу туралы есебі үлгі бойынша (Конкурс Ережесінде көрсетілген);
3) білім бөлімінің бастығының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының конкурстың аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздарын және топ жетекшілерін облыстық конкурсқа қатысу үшін бұйрықтың көшірмесін;
4) қатысушылар туралы мәлімет (А.Ж.Т., туған жылы, сыныбы, оқу орны мен білім беру ұйымдарының мекен-жайы, телефоны, жұмыстың аты, номинациясы, топ жетекшісінің А.Ж.Т., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
5) қатысушының және топ жетекшесінің төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі
Конкурсты өткізу Ережесі www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.