+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Алтын қазына» этножобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізу туралы
23 Там, 11:17

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2018 жылдың 19 – 21 қыркүйек аралығында «Алтын қазына» этножобалар конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қорытынды кезеңі өтетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – оқушыларды Шығыс Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, дәстүрі мен рухани құндылықтарын оқып-үйренуге араластыру, этнографиялық зерттеулерді жүргізу әдістемесімен таныстыру, оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру.

Конкурс екі номинация бойынша өткізіледі:

- Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылған этнографиялық зерттеулер нәтижесі бойынша ғылыми жоба қорғау - командалық қатысу.

Ұлттық фольклор мен халық әуені «Дала үні» фестивалі – командалық қатысу.

Осыған орай, далалық кезеңнің және этнографиялық өңдеу мен талдау, этножобаларды дайындау кезеңдерінің қорытындылары білім бөлімі басшыларының, мамандандырылған мектептердің және Назарбаев Зияткерлік мектеп директорларының қолымен бекітіліп Конкурсқа қатысуға сұраныс түрінде 2018 жылғы 21 тамызына дейін vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

1) далалық кезеңді өткізу жөнінде оқушылардың талдама есебі;

2) кәсіби фотосуреттер, аудио және бейнежазбалар, оның ішінде Конкурстың далалық кезеңіне қатысуын дәлелдейтін.

Талап еткен формаға сай келмейтін және қосымшасыз (қатысушылар тізімі, далалық кезеңді өткізу жөніндегі оқушылардың талдама есебі, кәсіби фотосуреттер, аудио және бейнежазбалар), және көрсетілген мерзімнен кеш түскен сұраныстар қабылданбайды!

Өскемен қаласына (жиналу орнына) келіп жеткен соң, топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) «Алтын қазына» этножобалар конкурсына қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, оқу тілі, үйінің мекен-жайы, үй телефоны және ұялы телефоны, команданы алып жүруші ғылыми жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3) эпидорта бойынша медициналық анықтама (әр қатысушыға);

4) қатысушының жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

Конкурстың Ережесі www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.