+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Әдеби Шығыс» конкурсының жүлдегерлеріне арналған бейіндік ауысымының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
07 Там, 17:44

Өту уақыты:

2018 жылғы   
7-17 тамыз бен 19-29 тамыз.

 

Өту орыны:

Өскемен қаласы,
«Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық орталығы (Таулы Үлбі).

 

 
Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
Ауысым қатысушылары: «Әдеби Шығыс» конкурсының «Мақтанамын, кең байтақ, Шығысыммен» Шығыс Қазақстандық ақындар мен жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу конкурсы және «Жастар таланты - туған өлкеге арналады» үздік шығармалар конкурсы номинацияларындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер.
 
2018 жылдың 7-17 тамызы бен 19-29 тамызы аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Әдеби Шығыс» конкурсының жүлдегерлеріне арналған бейіндік ауысым өткізіледі. 
Бейіндік ауысымның мақсаты әдебиет саласындағы неғұрлым қабілетті оқушыларды қолдау және мадақтау, туған өлкенің әдеби мұрасына өскелең ұрпақты баулу. 
Бейіндік ауысымның бағдарламасына келесі шаралар енгізілді: «Әдеби Шығыс» туристік бағдары бойынша экскурсия (Өскемен қ.: Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайы, Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, А. Пушкин ат. Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, Облыстық драма театры; Семей қ.: Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы ат. бейнелеу өнері мұражайы, Ф. Достоевский ат. мұражай үйі, Абай ат. мұражай; Шемонаиха қ.: тарихи-өлкетану мұражайы, А. Иванов ескерткіші, Марьин жартас кешені), А. Пушкин ат. Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, О. Бөкей ат. орталық кітапхана жүйесінің өкілдерінің шеберлік-кластары, Шығыс Қазақстн облысының ақындарымен және жазушыларымен кездесу, Өскемен қ. көрікті жерлеріне шолу экскурсиясы, әдеби кештер: мәнерлеп оқу конкурсы, әдеби шығармаларды білуге арналған конкурс, семинарлар, шеберлік-кластар, Казахстанның үздік жоғарғы оқу орындарының ғалым-филологтармен дөңгелек үстел. 
 
Қосымша ақпаратты келесі мекен-жайдан алуға болады:
Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ШҚӨҒПО «Дарын».
 
Тел.: 8/7232/ 70-02-44, 8777 595 75 58 (Айгерим).