+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыс оқушыларының көлік саласынан республикалық конкурсқа қатысу қорытындысы
27 Шіл, 18:11

Облыстың дарынды оқушылары 2018 жылдың 23-27 шілдесі аралығында Астана қаласында көлік саласынан конкурстың республикалық кезеңіне қатысты.

Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ӨМК бірігіп ұйымдастырылған.

Шара оқушылардың көлік саласына қызығушылықтарын арттыруға, сонымен қатар оқушылар бойында саналы түрде кәсіп таңдау ынтасын қалыптастыруға бағытталған.

Байқаудың қосалқы ұйымдастырушылары Ұлыбританияның ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқу орны болып саналатын Крэнфилд франк-британдық ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сонымен қатар Назарбаев университеті. Байқаудың серіктестері Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және «Samruk-Kazyna Trust» КҚ. 

Бірінші күні байқау қатысушылары үшін Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания), «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өкілдерінің, сонымен қатар «Эйр Астана» әуе компаниясының екінші ұшқышының қатысуымен лекциялар мен шеберлік-сабақтарыұйымдастырылды. Лекциялардан кейін балалар ҚР Тұңғыш Президентінің Қорына саяхат жасады.

Көлік саласынан байқаудың екінші күні қызықты шараларға толы болды. Күннің алғашқы жартысында оқушылар қазылар алқасы алдында өздерінің UAV 1.18. пилотсыз ұшу аппаратының жобасын қорғады.

Облыс оқушылары командасымен қолжетімді және жеңіл материалдардан ұшу аппаратының моделі әзірленді. Жобаның басты идеясы ол қолданылатын жанармайдың экологиялылығы. Кейін, жобада балалармен жанармайының орнына күн батареяларын қолдану ұсынылды.   

Иэн Холлингворт – Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэроғарыш мектебінің өкілі, Джон Уэйнрайт – «Astana Hub» IT-стартаптар Халықаралық технопаркінің техникалық қызмет көрсету сұрақтары бойынша президенті, Исабекова Асем – «Samruk-Kazyna Trust» қоғамдық жобаларды дамыту қорының корпоративті коммуникация секторының бас менеджері жәнеШаяхметов Руслан – «Эйр Астана» АҚ техникалық қызмет көрсету сұрақтары бойынша аға менеджері оқушылардың жобасын қызықты идея үшін, командамен әзірленген пилотсыз самолет моделі үшін жоғары бағалады. Қазақстанның географиялық орналасуы Еуропа мен Азия үшін маңызды және ҚР авиациясы үшін пилотсыз ұшу аппараттарының рөлін ескере отыра, қазылар алқасы аталған жобаның жүзеге асырылуын көруге үміттенетіндерін атап көрсетті.

Командалардың республикалық кезеңге қатысу қорытындысы бойынша  2018 жылдың тамызында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танымдық саяхатқа баратын финалист-командалар анықталып, оның ішіне ШҚО командасы (Қазбек Сабина – Өскемен қаласының О.Бөкей ат. №44 лицейдің 10 сынып оқушысы, Дикеш Шакарим – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы, Санақбекұлы Сұлтан – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы) енді.

Байқау бағдарламасы аясында оқушылар үшін Назарбаев Университетіне, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясына саяхат ұйымдастырылды.