+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыс оқушылары Н. Назарбаев Қорының байқауында
24 Шіл, 16:12

Облыстың дарынды оқушылары 2018 жылдың 23-27 шілдесі аралығында Астана қаласында Н. Назарбаев Қорының көлік саласынан байқауының республикалық кезеңіне қатысуда.

Бірінші күні конкурс қатысушылары үшін Крэндфилд университетінің (Ұлыбритания), «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өкілдерінің, сонымен қатар «Эйр Астана» әуе компаниясының екінші ұшқышының қатысуымен лекциялар ұйымдастырылды.

Лекциялардан кейін балалар ҚР Тұңғыш Президентінің Қорына саяхат жасады.

Ертеңнен бастап конкурстық бағдарлама басталады.

Балаларға конкурста сәттілік пен табыс тілейміз!