2018 жылдың 9 шілдесінде облыс оқушылары Қапшағай қаласындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы ауысымға қатысуда.
Мақсаты – оқушылардың танымдылық қызығушылығын және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру, облыстың дарынды оқушыларын қорғау және қолдау.
Оқушылар халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиада мен жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен бірге Шығыс Қазастан облысының дарынды балалар кездесуінің қатысушылары.
Ауысым бағдарламасы спорттық және шығармашылық қабілетті сондай-ақ зияткерлікті дамытуға әрі анықтауға бағытталған әр түрлі шаралардан тұрады. Ауысым «Біз – бір елдің баласы!», «Күшті, епті, батылдар планетасы» тақырыбында өтіп жатыр.
Әр күн сайын оқушылар шараларға қатысып, әрі түрлі байқауларды ұйымдастырып та жүр («Команданың визит карточкасы», «I'm the leader!» байқауы, «Мен – чемпионмын» әскери-патриоттық ойыны, «Бәріміз бірге» ұлттық ойындар бекеті, экологиялық десант, «Жастар» Open Air диско-фиеста, «Екі жұлдыз» шығармашылық кеші және т.с.с.).
Таза ауада балалардың денсаулығын нығайту үшін бағдарламаға спорттық ойындар мен жарыстар, сонымен бірге жаяу-жорықтар енгізілген.
Ауысымның көз тұнар жарқын бағдарламасы, қызықты саяхаттар, белсенді бағдарламалар, жаңа достар - әр күн сайынғы толассыз оқиғалар! Ауысымның аяғына дейін балаларашылмаған талантын ашуға әлі де мүмкіндіктері бар.
Балалар естен кетпес әсер мен сезімді, сергектік қуатын ауысым уақытында алары сөзсіз.
Жазғы демалыс балалардың жадында ұзақ уақытқа қалады деген үміттеміз.