+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Туймаада» олимпиадасындағы жоғарғы марапат
13 Шіл, 18:23

 «Туймаада» олимпиадасындағы жоғарғы марапат

 

2018 жылдың 8-15 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Саха Республикасы Якутск қаласында өткен математика, физика, химия және информатикадан ХХV Халықаралық оқушылар олимпиадасына қатысты.

Олимпиада мақсаты ғылым мен техниканың дамуына мүдделі мұғалімдер, ғалымдар, қоғам өкілдері мен ата-аналар сондай-ақ жоғары білімді мектеп оқушыларының халықаралық қоғамдастығын құру болып табылады.

Халықаралық олимпиадаға Ресей, Қазақстан, Непал, Татарстан, Белоруссия, Гонконг, Румыния, Бангладеш, Иран, Италия, Мексика, Сингапур, БАЭ, Словения, Тайвань, Тайланд, Турция, Филлипин елдерінен 770 жас олимпиадашылар қатысты.

Қазақстан Республикасының ұлттық зияткерлік құрамасында Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Мағауин Расул қатысты.

Қатысушылар жеке есепте теориялық және тәжірибелік кезеңдерден тұратын төрт пәннен бақ сынады, атап айтсақ математика, физика, химия және информатика пәндерінен.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының олимпиадашылары елге лайықты марапатпен оралды.

Физика пәнінен ІІ дәрежелі диплом және күміс медальмен Мағауин Расул марапатталды – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы.

Химия пәнінен ІІ дәрежелі диплом және күміс медальға Рахимғалиев Нұржан лайық деп танылды – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы.

Информатика пәнінен ІІ дәрежелі диплом және күміс медальды Байболов Темірлан иеленді – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы.

Жұмағалиев Заңғар – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы грамотамен марапатталды.

Қатысушылар үшін олимпиада күндері ескі және жаңа Якутск қаласының көрнекті жерлеріне экскурсиялар және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Балалар мәңгі аяз мұражайы, «Ресей-менің тарихым» мұражайы, сонымен бірге якуттықтардың ұлттық дәстүріне, рухына негізделген «Атласовтар қонысы» этникалық кешеніне саяхаттар жасады.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз