2018 жылдың 3-5 маусым аралығында алғаш рет 2-8 сынып оқушылары үшін Алматы облысының территориясында орналасқан «Балдәурен-Қапшағай» РОСО базасында «Балдәурен дарыны-2018» Республикалық зерттеу жұмыстар және шығармашылық жобалар байқауы болып өтті. Байқау 200 жуық республика оқушыларын қамтыды.
Байқауда облысымыздың 6 жас зерттеушлері «медицина және психология» және «жартылыстану ғылымдары» бағыттары бойынша жобалар ұсынды.
Республикамыздың алдыңғы қатарлы университеттерінен, атап айтқанда Гумилёв атындағы Евразиялық ұлттық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университет, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті сонымен бірге Ө. Жәутіков атындағы РМФМОМИ шақыртылған қазылар Өскемен қаласы «Нұр орда» мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Қаби Бибіханымның, Ұлан ауданындағы Б. Ахметов атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Аскерханова Аружанның, Өскемен қаласындағы №46 орта мектептің 4 сынып оқушысы Бисетовой Аяулымның жұмыстарының ерекшелігін айқындап оларға І дәрежелі диплом, алтын медалмен марапаттады және «Бәлдаурен-Қапшағай» жазғы демалысына жолдама ұсынды.
Қаби Бибіханымды әділ қазылардың арнаулы ынталандыру жүлдесіне ие болып, биология ғылымына арналған авторлық кітабын табыстады.
«Жартылыстану ғылымдары» бағытында ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медалмен марапатталғандар:
- Бисетова Сая – Өскемен қаласындағы №46 орта мектептің 2 сынып оқушысы;
- Төлеубек Нұрасыл – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 4 сынып оқушысы;
- Нұрдәулет Әмина – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 4 сынып оқушысы;
Барлық байқау қатысушылар үшін «Балдәурен кеші» концерттік бағдарлама көрсетіліп, диско-фиеста, квестке қатысты.