+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық жазғы мектептерді өткізу туралы ЕРЕЖЕ
05 Мау, 16:54

1. Жалпы ережелер

1.Осы Ереже «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық жазғы мектептердің (бұдан әрі – Археологиялық мектептер) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдауды, өткізу мен қаржыландыруды және қатысу тәртібін белгілейді.

2. Ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.

3. Археологиялық мектептердің мақсаты – оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

4. Археологиялық мектептердің міндеттері:

- қалыптан тыс шығармашылық ойлау қабілеті бар, ғылыми-зерттеу жұмыстарға бейімді дарынды оқушыларды анықтау, олардың ғылыми және жобалау ізденістерін әрі қарай дамыту және қолдау;

-археологиялық қазындылар әдістемесімен танысу, оқушылардың әр түрлі археологиялық материалдармен жұмыс жүргізу қағидасын меңгеруі, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғаудың негіздерімен танысу;

-оқушылардың далалық зерттеулерге тікелей қатысуы негізінде археологиялық ескерткіштерді тарихи мәліметтер алудың дереккөзі ретінде кәсіби қабылдауын қалыптастыру;

- оқушылардың танымдық белсенділіктерін, оқыту-ғылыми және ізденіс-зерттеу әрекеттерін дамыту;

- Археологиялық қазындылар өтетін жерлерде ғалымдармен оқытушылармен, студенттермен және оқушылармен тікелей қарым-қатынас пен ынтымақтастық арқылы жеке тұлғаға бағытталған оқыту жағдаяттарын құру.

- Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетін көпшілікке тарату.

Археологиялық мектептерді өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

2. Археологиялық мектептердің ұйымдастыру комитеті

5. Археологиялық мектептердіұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Археологиялық мектептердің тұжырымдамасын әзірлейді;

- Археологиялық мектептердің іс-әрекетінің ағымдағы және келешекке арналған жоспарлауын жүзеге асырады;

- Археологиялық мектептердің дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Археологиялық мектептерге қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды.

- Археологиялық мектептердің өтетін орнын және күнін белгілейді;

- Археологиялық мектептердің оқытушылар құрамын анықтайды, олардың жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;

- Археологиялық мектептерді өткізудің қорытындысын талдайды және жалпылайды, дайындығын, өткізілуін және қорытындысын бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялауды қамтамасыз етеді.

3. Археологиялық мектеп қатысушылары

6. Археологиялық мектептерге ШҚО жалпы білім мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары (14 жас және одан жоғары) қатыса алады.

4. Археологиялық мектептерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7. Археологиялық мектепті ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді:

- Археологиялық мектеп қатысушыларының бөлмелерде және ұсынылған туристік шатырларда тұруын;

- Археологиялық мектеп қатысушыларының бір ортадан үш рет тамақтануын (келген күні –түскі және кешкі ас, қайту күні – таңертеңгі ас);

- Археологиялық мектеп қатысушыларын жазатайым оқиғалардан сақтандыруды;

- Археологиялық мектеп қатысушылары үшін құралдар мен жабдықтарды;

- Өскемен қаласындағы жиналу орнынан Археологиялық мектеп өтетін орынға дейінгі өтетін жолда: Берель қорғандары (Катонқарағай ауданы), Көкөзек қорғаны (Тарбағатай ауданы), Аблаинкит оқшау бекінісі, (Ұлан ауданы), Көкентау таулы сілемі (Абай ауданы);

- Археологиялық мектеп қатысушыларын трансферттеу кезінде МАИ-дің ілесіп жүруі;

- Археологиялық мектеп қатысушыларымен ілесіп жүру: медицина қызметкерлері, ғылыми жетекшілер, алып жүрушілер;

- баяндамалар, шеберлік сыныптарын, оқу-тәжірибелік сабақтарды, саяхаттарды өткізу, археологтармен жұмыс.

8. Археологиялық мектептер қазындылар орналасқан жерде 2018 жылғы 1-7 шілде аралығында өтеді: Берель қорғандары, Көкөзек қорғаны, Аблаинкит оқшау бекінісі, Көкентау таулы сілемі.

9. Қатысушылардың келу күні – 1 шілде, қайтуы – 7 шілде, 2018 жыл.

10. Археологиялық мектепке қатысу (1 қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2018 жылдың 8 маусымына дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

Аудан/қалалардан келген қатысушылардың тізімі. Тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, оқушылар командасын алып жүруші ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы.

11. Әр аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 6 адам: 5 қатысушы және топтың 1 ғылыми жетекшісі (өлкетанушы ұстаз).

12.Топтың ғылыми жетекшісі Археологиялық мектепке қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұрғылықты жеріне дейінгі қайтар жолда өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.

13.Өскемен қаласына (жиналу орнына) келіп жеткен соң, топтың ғылыми жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) Археологиялық мектепке қатысушылар жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, оқу орны және білім беру ұйымдарының мекен-жайы, үйінің мекен-жайы, үй телефоны, ұялы телефоны, топты алып жүруші ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3) эпидорта бойынша медициналық анықтама (әр қатысушыға);

4) балалардың денешынықтыру сабағына қатысуы үшін дәрігердің қолы қойылған және мөр басып расталған рұқсат-анықтама (әр қатысушыға);

5) қатысушының жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.

14. Қатысушылардың әр командасының біріңғай эмблемасының болуы қажет.

15. Қатысушылардың киімдері ауа-райы жағдайларына сәйкес және қозғалысын шектемеуі тиіс: күрте, екі ұзын спорттық шалбар, жемпір, екі жұп жылы шұлық, екі жұп қолғап, іш киім, қосалқы іш киімдер. Екі жұп аяқ-киім. Аяқ киім спорттық немесе туристік болуы қажет (кроссовкалар немесе бәтеңке). Бас киім міндетті болып табылады (капюшон бас киім болып саналмайды).

16. Археологиялық мектеп бағдарламасы:

- қатысушыларды археологиялық ескерткіштердің әр түрімен таныстыру;

- қатысушылардың далалық зерттеулерді өткізуге қатысуы. Археологтармен бірге жұмыс;

- қатысушыларды қазынды материалдарымен таныстыру;

-қатысушылардың далалық күнделікті жүргізуі, фотосуретке түсіру, аудио және бейнежазба;

- баяндамалар, шеберлік-сыныптары, оқу-тәжірибелік сабақтар, қатысушылар үшін саяхаттар;

-Қатысушылардың Археологиялық мектепке қатысуы жөніндегі есебін, (командалық), фотосуреттер, аудио және бейне жазбаларды (командалық), далалық күнделіктерін (жекелей) ұсынуға арналған қорытынды конференция.

17. Археологиялық мектептерді өткізу кезінде қатысушылар техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға және ілесіп жүрушілердің өкімдерін орындауға міндетті.

18. Қатысушылар Археологиялық мектептің аяқталуы бойынша қосымша көрсеткіш материалдарымен (фотосуреттермен, аудио және бейнежазбалармен, оның ішінде оқушылардың Археологиялық мектептерге қатысуын дәлелдейтін далалық күнделік, Археологиялық мектепке қатысуы жөніндегі есеп, сұлба, сызбалар, презентациялар және т.б.) ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуге кіріседі.

Қатысушылар ғылыми-зерттеу жобасы бойынша әзірлеген дайындық нәтижесін жас тарихшылардың «Менің кіші отаным» облыстық интеллектуалдық конкурсына ұсынады. (2018 жылғы қыркүйек-қазан).

Жас тарихшылардың «Менің кіші отаным» облыстық интеллектуалдық конкурсына қатысуға тапсырыста «Киелі Алтайым – Туған жерім» (2 қосымша) археологиялық мектепке қатысушы» белгісі Ескертпеде жасалады. Жас тарихшылардың «Менің кіші отаным» облыстық интеллектуалдық конкурсын өткізу туралы Ереже: «Дарын» ШҚ ӨҒПО сайтында https://shygysdaryn.kz. орналасқан.

5. Архелогиялық мектептерге қатысу қорытындысын шығару

19.Археологиялық мектептің барлық қатысушыларына және ғылыми жетекшілерге сертификаттар тапсырылады.

6. Мектептерді қаржыландыру

20. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.

Археологиялық мектепке қатысушылардың және олардың ғылыми жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жүріп өту) жіберуші жақ есебінен төленеді.

1 қосымша

Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық жазғы мектепке қатысуға тапсырыс

2018 жылғы 1-7 шілде аралығы

 

Қатысушының тегі, аты

Аудан/қала

 

Білім беру ұйымы

Сыныбы

Оқу тілі

Қатысушының үй телефонының және ұялы телефон нөмірі

 

Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты

Ғылыми жетекшінің лауазымы

Ғылыми жетекшінің ұялы телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

9

10

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

 

 

2 қосымша

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтетін жас тарихшылардың «Менің кіші отаным» облыстық интеллектуалдық конкурсына қатысуға тапсырыс

2018 жылғы қыркүйек-қазан

 

Қатысушының тегі, аты

Аудан/қала

Білім беру ұйымы

Сыныбы

Оқу тілі

Зерттеу жобасының тақырыбы

Қатысушының үй телефонының және ұялы телефон нөмірі

 

Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты

Ғылыми жетекшінің лауазымы

Ғылыми жетекшінің ұялы телефон нөмірі

Ескерту

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Киелі Алтайым – Туған жерім» жазғы археологиялық мектеп қатысушысы