+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бақытты балалық шақ
04 Мау, 11:16

31 мамырда «Дарында» (Таулы Үлбі) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларының арасынан оқу озаттары мен түрлі олимпиадалар мен жарыстардың, шығармашылық және спорттық жарыстардың жүлдегерлеріне арналған балалық шақ мерекесі бастау алды.

Шараның ұйымдастырушылары «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен ШҚО білім басқармасы, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.

Шараның алғашқы күнінде балаларды ойын-сауық, байқаулар мен викториналар және әрине сыйлықтар күтті. Өзімен бірге қамсыздық пен ғажайыпқа жарқын сенімді алып жүрген мереке, ұмытылмастай болып, мейірімділік пен жалпы бақытты атмосферада өтті. Балалар үшін эстафета, танымдық және спорттық ойындар, teambuilding кино түні ұйымдастырылды.

Балаларды қорғау мерекелік күнінде балалар республикалық «Нұр Отан – балаларға» акциясына қатысты. Акция аясында облыс әкімі  Ахметов Даниял Кенжетайұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу бейресми түрде өткізіліп, жылуға толы болды.

Акция барысында балалар өздерінің бірегей таланттарымен кездесу қатысушыларын таңғалдыра алды.

Өскемен қаласы, №1 музыка мектебінің оқушысы Бородулин Александр синтезаторда «Шутка Баха» композициясын орындады. Ал жас роботты техник Слугин Антон облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің оқушысы қатысушыларды өзінің роботымен таныстырды. Такенов Талант – Тарбағатай ауданы, өнер мектебінің оқушысы облыс әкіміне өзі салған суретті сыйға тартты. Ал Өскемен қаласы, №5 орта мектептің оқушысы – Тоқанов Жалғас Кубик Рубикты құрумен айналысады және рекордты 45 секундта ол қатысушылар алдында оны жинай алды.

Ең жарқын және қуанышты мереке балаларға көп жаңа және жарқын әсерлер сыйлады. Шара аяқталысымен кішкене қонақтар және олардың ата-аналары мен өкілдері ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

Барлық балаларды балалық шақ және жаз мерекесімен құттықтаймыз!