+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Алтын қазына» этножобалар конкурсын өткізу туралы
28 Мамыр, 17:48

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) жалпы білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары үшін «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында «Алтын қазына» этножобалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – оқушыларды Шығыс Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, дәстүрі мен рухани құндылықтарын оқып-үйренуге араластыру, этнографиялық зерттеулерді жүргізу әдістемесімен таныстыру, оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру.

Конкурс бес кезең бойынша өткізіледі:

Бірінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу - 2018 жылдың 28 мамырына дейін.

Әр аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептер бойынша команда құрамы 7 адамға дейін: 6 қатысушы және топтың 1 ғылыми жетекшісі (тарихтан өлкетанушы, география, орыс/қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі). Команданың жеке құрамы барлық Конкурс барысында өзгермейді (бес кезең).

Аудандық/қалалық кезеңнің іріктеу қорытындысы 2018 жылдың 31 мамырына дейін «Алтын қазына»этнографиялық жазғы лагерге тапсырыс үлгісі түрінде жіберіледі.

Екінші кезең– «Алтын қазына» жазғы этнографиялық мектеп - 2018 жылдың 7-9 маусымы күндері, Таулы Үлбідегі «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында өткізіледі.

Қатысушылардың келуі 7 маусым (16.00-де жиын орнынан (Өскемен қаласы, Спорт сарайы) Таулы Үлбідегі ШҚ ӨҒПО «Дарын»базасына дейін), қайтуы – 9 маусым (09.00-ден кейін).

Үшінші кезең– далалық 2018 жылдың 11 маусым – 15 шілде аралығында.

Халықтың өмірін тікелей бақылау (стационарлық және экспедициялық зерттеулер, коллекцияларды жинау және т.б.); сондай-ақ сауалнама материалдарын пайдалану. Экспедициялар белгілі бір бағыт бойынша, сонымен қатар жиналған ақпаратты тексеру және нақтылау үшін айналадағы елді мекендерге қысқа мерзімді сапарлармен жүзеге асырылуы мүмкін.

Төртінші кезең– этнографиялық мағлұматтарды өңдеу және талдау, этножобаларды дайындау 2018 жылдың 16 шілде – 20 тамыз аралығында;

Бесінші кезең- «Алтын қазына» этножобалар конкурсы (2018 жылдың қыркүйек айында Таулы Үлбідегі «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында).

«Алтын қазына» этножоба Конкурсы екі номинация бойынша өткізіледі:

- Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылған этнографиялық зерттеулер нәтижесі бойынша ғылыми жоба қорғау - командалық қатысу.

Ұлттық фольклор мен халық әуені «Дала үні» фестивалі– командалық қатысу.

Конкурстың Ережесі www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.