«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы 17 мамырдағы №220/15-11-07 хатына сәйкес, 2018 жылдың 20-22маусымы аралығында бастауыш сынып оқушыларының республикалық «Бастау» турнирі аясында Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің базасында қазақ тілінде білім беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш мектепте математикадан олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері», математика пәні мұғалімдеріне «Орта буын сыныптарында математикадан олимпиадалық дайындық» және «ҰБТ-да математикалық сауаттылық, бейіндік математика мәселелері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарларын өткізетінін хабарлаймыз.
Семинардың мақсаты – мұғалімнің тәжірибесін, білімін жетілдіру, оқушының логикалық ойын дамытудың әдістемесін ұсыну, ҰБТ-ның жаңа форматындағы «Математикалық сауаттылық» және «Математика» тесттеріндегі мұғалімдерге қиындық туғызатын есептерді шығару әдісін үйрету.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.Семинарға келу күні –19 маусым, басталуы – 20 маусым сағ. 10.00-де, қайту күні – 22 маусым, сағат 18:00-ден кейін.
Әр қатысушыға 6 маусымға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/seminarleto сілтемесі бойынша онлайн - тіркелуден өту қажет.
Семинарға қатысу туралы сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртекті 2018 жылдың 6 маусымға дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Қала/ аудан, мектеп |
Пәні, оқыту тілі |
Еңбек өтілі, санаты |
Байланыс телефоны |
Қонақ үй қажеттілігі |
|
|
|
|
|
|
|