2018 жылдың 23-29 сәуір аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) химия пәні бойынша оқушылардың 52-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өткізілді. Онда әртүрлі елдерден 22 команда қатысты.
Біздің еліміздің ұлттық құрамада бақ сынасып, қола медаль иегері атанған, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы – Көпенов Нұрлыхан болды.
Химия бойынша оқушылардың Халықаралық Менделеев олимпиадасы жыл сайын өткізіліп келеді және Бүкілодақтық химиялық олимпиаданың мұрагері болып саналады. Олимпиаданың атауы ұлы орыс химигі Дмитрий Иванович Менделеевтің құрметіне берілді. Олимпиада тәжірибелік және теориялық кезеңдерден тұрды, олардың әрқайсысы бір күннен арналды.
Олимпиада ұйымдастырушылары бағдарлама аясында ұйымдастырған мәдени шараларда әлемнің 22 елінен 130-ға жуық мектеп оқушылары Беларуссияның көрікті жерлерімен танысып, оның ұлттық дәстүрлері, тарихы мен мәдениеті, техникалық және ғылыми әлеуеті туралы көбірек біле алды.
Нұрлыханға сәттілік пен лайықты жеңістер тілейміз!