+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Дарынды мұғалім – дарынды оқушы» облыстық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕСІ
08 Қар, 12:20

 Қалалық/аудандық білім бөлімдері үшін cut

  

I Жалпы ережелер

 «Дарынды мұғалім – дарынды оқушы» (ары қарай- конкурс) облыстық конкурсын ұйымдастыру және өткізудің осы Ережесі Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңына, 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына, жас таланттарды қолдаудың «Дарын» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының жаңа формациядағы ұстаздың үздіксіз педагогикалық білімінің Тұжырымдамасына сәйкес дайындалған.

Осы Ереже Конкурстың мақсаты мен міндетін, оның ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қорытындысын шығарып және жүлдегерлерді марапаттауды, Конкурсты қаржыландыруды анықтайды.

 Конкурсты Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының қолдауымен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы өткізеді. 

 

II Конкурстың ұйымдастыру комитеті

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы (төрағасы)  және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми– практикалық «Дарын» орталығының директорынан (төрағаның орынбасары)   ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

-  Конкурстың тұжырымдамасын дайындайды;

-  Конкурс кезеңдерін дайындап және өткізуді тікелей басшылыққа алып жүзеге асырады;

-  қазылар алқасын құрып, бекітеді;

-  Конкурс кезеңдерінің талабына сай қатысу үшін қажетті материалдар мен тапсырыстарды қабылдайды;

-  шараның сайыс түрлерін, санын және  өткізілу түрлерін анықтайды;

-  Конкурс кезеңдерінің талабына сай талдап және жинақтап қорытындысын шығарады;

-  Конкурсқа қатысушыларды және жеңімпаздарды марапаттау үшін номинацияларды анықтайды;

-  Конкурсқа дайындықты, өту барысын және қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;

-  Конкурсқа қатысушылардың барлығының педагогикалық тәжірибелерінің кеңінен  пайдаланылуына жәрдемдеседі.  

III Конкурстың мақсаты мен міндеттері

 

Конкурстың негізгі мақсаты – дарынды оқушылар мен мұғалімдерді қолдау және марапаттау; білім мазмұнындағы жаңашаландырудың тиімді жолдарын іздеу; дарынды балалармен жұмыс жүргізу аясында жаңа технологияларды, педагогикалық идеяларды енгізу және тарату.

Конкурс төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:

-  инновациялық жұмыстарға талпындыру, дарынды оқушылар мен мұғалімдердің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеттерінің дамуына жағдай жасау, біліктіліктерін қалыптастыру;

- оқушылар мен мұғалімдердің дарындылығын дамытуға мүмкіндік тудыру, білімдегі жұмыстарын жүзеге асырудағы уәжділіктерін қалыптастыру;

- дарынды оқушы және мұғалімнің бірлесе жұмыс істеуін, шығармашылық әрекеттестіктерінің вариативті түрлерін, дарынды балалармен жұмыс жүргізу аясында жаңа технологиялардың, педагогикалық идеялардың деректер базасын кеңейту;

-  дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру бойынша  алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату;

-   мұғалімдердің кәсіби педагогикалық шығармашылықтары мен шеберліктерін,  келешектегі кәсіби өсулерін ынталандыру.  

 

IV Конкурсқа қатысушылар

 

Конкурс ерікті түрде өткізіледі.

Конкурсқа қатысушыларды  Шығыс Қазақстан облысының білім бөлімдері ұсынады.

10. Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының аудандық/қалалық жалпы білім беретін мектептерінің халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалар, жарыстар мен конкурстардан жоғары көрсеткіштері бар дарынды оқушылар, сонымен қатар осы білім мекемесінің жалпы білім беретін түрлі пәндерінен дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жоғары нәтижеге жеткен ұстаздар қатыса алады.

11. Конкурсқа дарынды оқушылар мен мұғалімдердің бірлесе қатысуы міндетті шарт болып табылады.

12. Конкурсқа әр ауданнан/қаладан жалпы білім беретін бір пәннен 1 (бір) дарынды оқушы және 1 (бір) мұғалім қатысады.

13. Қатысушының педагогикалық еңбек өтілі және жасы шектелмеген.

 

V Конкурстың ұйымдастыру комитетіне

құжаттарды ұсыну тәртібі

  

14. Қатысушыларды тіркеу үшін Конкурстың Ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар ұсынылуы керек:

- білім бөлімінен бастықтың мөрі мен қолымен куәландырылған өтінім;

- білім бөлімінің бастығының мөрі мен қолымен куәландырылған қатысушылардың мінездемесі;

- Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған мұғалім мен оқушының портреттік суреті.

15. Конкурстың Ұйымдастыру комитеті құжаттарды 2011 жылдың 29 қарашасына дейін қабылдайды.

 

VI Конкурстың кезеңдері

 

16. Облыстық конкурс екі айналымнан тұрады:

1 – сырттай айналым – бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең: конкурстың Ұйымдастыру комитетіне (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына) қатысушылар 2011 жылдың 30 желтоқсанына дейін электронды және қағаз түрінде төмендегі ақпараттарды ұсынады:

дарынды оқушылар – портфолио;

мұғалімдер – оқушылардың дарындылығын айқындау және дамыту бойынша жұмыс жүйелерін.  

Екінші кезең (18.01.2012 ж.):

1)     төмендегі тақырыптар бойынша эссе жазу (таңдауы бойынша):

оқушылар үшін – «Әр нәрсенің мәнін түсінгім келеді...» (Б.Пастернак), «Маған ғылым мен шығармашылық әлемін ашқан мұғалім»;

мұғалімдер үшін – «Әр адам – Күн, оған жарқырауға мүмкіндік беріңіздер...» (Сократ); «Білікті мұғалім деген - меніңше...».

Эссе Ұйымдастыру комитетіне электронды нұсқада өткізіледі.

2) Шығармашылық лаборатория – ұстаз бен дарынды оқушының бірлескен жұмыстарын көрсетуі. Шығармашылық лабораторияны өткізу формасын Конкурсқа қатысушылар өздігінен анықтайды. Орындау уақыты – 45 минут.

Шығармашылық лабораториясының бейнежазуы Ұйымдастыру комитетіне ұсынылады.

2 – іштей айналым  (06.02.2012 ж.) - Өскемен қаласында өтеді : 

 1) оқушы үшін – білім мекемесінің өтінімінде көрсетілген пән бойынша олимпиадаға қатысуы.

2) Барлық қатысушылар үшін:

а) таныстыру  карточкасы (2 минут);

б) қазылар алқасы ұсынған психологиялық–педагогикалық жағдайларды шешу.

Конкурстың әр айналымының қорытындысы конкурс аяқталған соң бірден шығарылып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының сайтында жарияланады.

Конкурстың қорытындысы салтанатты түрде 06.02.2012 ж. шығарылады.

 

VII Конкурстың мазмұны және конкурс тапсырмаларын бағалау критерийлері

 

17. Конкурс осы Ережелер сипатын анықтайтын тапсырмалар қатарынан тұрады. Барлық сайыскерлер үшін бірдей шарт болу мақсатында Конкурстың тапсырмаларын бағалаудың критерийлері беріледі.

 

18. Оқушының портфолиосында (сырттай айналым) жұмысының нәтижесі туралы ақпарат, мұғаліммен бірлесе істеген жұмысының ерекшелігі және жетістікке жету жолдарының сипаттамасын көрсету, бағытталған жетістікке өзін-өзі жүзеге асыруы (мысалы, жеке жоспары немесе оқытылу бағыты, түрлі сипаттағы оқыту және диагностикалық материалдары, қойылған мақсатқа жету жолдары, оқушының жалпы өзін бағалау туралы ақпарат, ары қарай дамытуды қажет ететін салаларды белгілеуі, қандай да бір біліктілігінің болуы туралы мәлімет, қорытынды түрінде көрсетілген оқушының шығармашылық жұмысы, оқу кезінде жеткен жетістіктерін айқындайтын құжаттар (сертификаттары, дипломдары және т.б.). Ұсынылған материалдардың эстетикалығы да қосымша бағаланады.

19. Оқушының портфолиосын сынып жетекшісі және мектеп директоры куәландырып, ұйымдастыру комитетіне жазбаша және электронды түрде ұсыну қажет. Жұмыстар талқыланбайды және қайтарылмайды.  

20. Оқушылардың дарындылығын (сырттай айналым) айқындау және дамыту бойынша жұмыс жүйесінде мұғалімнің жеке тәжірибе жұмысының сипаттамасы, оқушылардың дарындылығын дамыту және айқындау бойынша көрсеткен жұмысының нәтижесі керек. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстың түрін мұғалімдер өздері анықтайды.

21. Мұғалімдердің жұмысын бағалау критерийлері: оқушының дарындылығын айқындау және дамыту бойынша кәсіби жұмысының жүйесін жинақтап көрсету шеберлігі, олардың білігін қалыптастыру, тұжырымдылығы, өзектілігі, ғылымилығы, идеясының негізділігі және жаңалығы, тәжірибелік және әлеуеттік маңызы, технологиялығы, тәжірибе элементтерін басқа мұғалімдерге немесе басқа қызмет түріне ауыстыру мүмкіндігі, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, жұмысының нәтижелілігі. Жұмыстың көлемі 20 жазба беттен аспауы керек.

22. Жұмысты Ұйымдастыру комитетіне қағаз және электронды түрде ұсыну қажет. Файлдар жалпы қол жеткізерлік форматта болуы керек  (А-4 форматтық бетте, 14-шрифтімен, Microsoft Office документі). Конкурсқа жіберілген жұмыстар талқыланбайды және қайтарылмайды.

23. Конкурстың басқа кезеңдерінің қорытындысы бойынша қатысушылардың ешқайсысы шығарылып тасталмайды. Жалпы қорытындысы барлық тапсырмалардың орындалуы бойынша қойылған  ұпайлар санының қосындысынан шығады. Конкурстың бір кезеңінде бірнеше жеңімпаз болуы мүмкін.

 

VIII Конкурстың қазылар алқасы

 

24. Конкурстың түрлі кезеңіндегі жеңімпаздарды анықтау және қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады.

25. Қазылар алқасының қызметі:

-  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды анықтайды;

-  сайыскерлердің құжаттары мен келген материалдарын қарайды;

-  Конкурсқа қатысушылардың шығармашылық және кәсіби қабілеттерін бағалайды.

-  Конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

26. Қазылар алқасы әрбір конкурс тапсырмаларының орындалуына рейтингтік жүйе бойынша 1-ден 10-ға  дейін ұпай қойып, бағалайды.

27.Сайыскерлердің рейтингтік және барлық ұпай санының қосындысын есептегеннен кейін бірлесе талқылай отырып қазылар алқасы шешім шығарады. Тең түскендерге төрағаның дауысы шешуші дауыс болады.

28. Қазылар алқасының шешімі төрағаның және қазылар алқасының қолы қойылған хаттамалармен толтырылады.

 

ІХ Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау

 

29. Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінеді: І – орын  2 (бір оқушы, бір мұғалім), ІІ – орын 4 (екі оқушы, екі мұғалім), ІІІ – орын 6 (үш оқушы, үш мұғалім).

30. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен түрлі номинацияларда Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығының грамоталары, сыйлықтар табыс етіледі.

31. Дипломдар мен грамоталар, сыйлықтар Ұйымдастыру комитеті бекіткен тәртіп бойынша салтанатты түрде тапсырылады.

 

Х Конкурсты қаржыландыру

 

32. Конкурсты Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы құрылып, бекітілген шығындар сметасына сәйкес қаржыландыратын болады.

33. Қатысушыларды Конкурсқа қатысуға іссапарға жіберу, сонымен қатар конкурстық  жұмысқа қатысты безендіру шығындарын бағыттаушы білім мекемелері көтереді.