+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас математик» және «Жас физик» олимпиадасының қорытындысы
24 Сәу, 10:05

2017 жылдың 11 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыстық мамандандырылған облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесіп, «Жас математик» және «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың әлеуметтік-белсенділігін дамыту және интеллектуалдық-шығармашылық потенциалын ашу.

Олимпиадаға облысымыздың бүкіл аудандары мен қалаларынан 5-8 сынып оқитын 170-ден астам дарынды оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 75 жүлдегер анықталды. Соның ішінде І дәрежелі дипломмен - 12 оқушы, ІІ - 22 оқушы, ІІІ – 41оқушы марапатталды.

Олимпиаданың қорытындысы тек жеке емес сондай-ақ командалық есепте анықталды. Қатысқан 32 команданың ішінде 13-і жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен - 3 команда, ІІ – 6 команда, ІІІ – 4 команда марапатталды.

Жүлдегерлерді, мұғалімдері мен ата-аналарды үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрқашан биіктен көрінулерін тілейміз!