+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Балалар бастауы-2018» әлеуметтік жобалар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
23 Сәу, 17:53

2018 жылдың 19 сәуірінде «Балалардың заманауи бастамалары – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбында «Балалар бастауы-2018» әлеуметтікзерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауы болып өтті.

Конкурс мақсаты - балалар бойында белсенді азаматтық позицияны тәрбиелеу; өз қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығымен қамтамасыз ету; өмірлік дұрыс таңдау дағдыларына баулу; балалар бастамасын жүзеге асыратын алаң құру.

Оқушылардың жобаларды қорғауы 9 секция бойынша өткізілді:

1) «Туған жер және тарихи құндылықтар» (өзінің Отанының (кіші отаны) тарихын зерттеу және сақтау туралы жобалар);

2) «Табиғатты сақтай отырып, Отанымызды сақтаймыз» (экология және кіші Отанды сақтауға байланысты мәселелерді шешу туралы жобалар);

3) «Өз Отанымызды қалаймыз – Қазақстанды қалаймыз» (туған өлкенің мектептері жанындағы аумақтарды және көшелерді, сынып бөлмелерін, сауықтыру орталықтарын абаттандыру туралы жобалар);

4) «Қазақстанның киелі жерлері» (киелі жерлер, ескерткіштер, ғимараттар, көне қалаларды  зерттеу және сақтау туралы жобалар);

5) «100 жаңа есім» (Қазақстанның келбетінде көрініс тапқан тұлғаларды зерттеу, игі істерін насихатту туралы жобалар);

6) «Ұлттық сана және ұлттық дәстүр» (ұлттық сана, салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетімізді сақтау және жаңғырту бойынша жобалар);

7) «Латын әліпбиі» (латын әліпбиіне көшудегі, оқытудағы мәселелерді зерттеу және оңтайландыру, артықшылықтары мен кешіліктері туралы жобалар);

8) «Жастар және азаматтық бастамалар» (балалардың өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру, адамдар арасында және қоғамда толеранттылықты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік тілге қормқорлық, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру туралы жобалар және т.б.);

9) «Алға қадам» (жастарға өз қызығушылықтарын жүзеге асыруға көмекке, ерекше қорғауды қажет ететін адамдарға қамқорлыққа бағытталған жобалар ).

Конкурсқа қатысушылардың зерттеу жұмыстарына аймақтың алдыңғы қатарлы ЖОО-ның білікті ғалымдары әділқазылық жасады.

Облыстық  кезеңнің қорытындысы бойынша 42 оқушы (32 жоба) жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен – 10 оқушы (9 жоба), ІІ – 17 оқушы (10 жоба), ІІІ – 15 оқушы (13 жоба) марапатталды. Жүлдегерлер тізімі қоса берілді.

Жүлдегерлерді және олардың ұстаздары мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз! Алда жеңістер мен сәттіліктер тілейміз!