Алғаш рет Астана қаласында 2018 жылдың 16-19 сәуірі аралығында жаратылыстану-математикалық ғылым саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, жаратылыстану-математикалық пәндер мазмұнын дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу мақсатында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймағынан 170-тен аса оқушы қатысты. Облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 10 юниоры ШҚО командасын ұсынды.
Олимпиаданың республикалық кезеңі «РФММ» ҰАҚ, физика-математика бағытындағы «НЗМ» ДББҰ, «NURORDA» мектеп-лицей базасында өтті.
Оқушылар өз білімдері мен біліктерін теориялық және тәжірбиелік айналымдарда көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
- Төкен Нұрболат – Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы (информатика);
- Гуськов Леонид – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы (математика);
- Малышева Ксения – Өскемен қаласындағы №38 гимназияның 8 сынып оқушысы (биология);
- Окасова Фариза – Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 7 сынып оқушысы (физика);
- Рахметолла Нұрасыл – Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы (химия);
- Трухинова Софья – Өскемен қаласындағы №10 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы (биология);
- Увалиев Санжар – Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы (химия).
Қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылып, оның аясында балалар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің архитектуралық символы «Нұр Әлемге»саяхат жасады.
Жүлдегерлерді, олардың мұғалімдерін және ата-аналарын құттықтаймыз!
Табыс пен жеңістер тілейміз!