+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізу ЕРЕЖЕСІ
18 Сәу, 18:21

1. Жалпы ережелер

1.1 Осы ереже 5-8 сынып оқушыларына арналған «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру мен өткізілу тәртібін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды іріктеуді анықтайды.

1.2 Олимпиаданың ұйымдастырушысы «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналаған мамандандырылған мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе.

2. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың әлеуметтік-белсенділік тұлғасын дамыту және интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ашу.

Міндеттері:

-  жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға оқушылардың қызығушылығын жоғарлату, тәжірибелік қабілеттері мен теориялық білімін тереңдету;

-  маетматикадан және физикадан есептерді шешуде табандылықты, дербестікті, белсенділікті анықтау және дамыту;

-  адал бәсекелік күресті жүргізу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

3. Олимпиаданы ұйымдастыру-әдістемелік қамсыздандыру

3.1 Олимпиаданы үйлестіру, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету және өткізуді Шығыс Қазақстан өнерлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналаған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ бірге жүзеге асырады.

3.2 Олимпиаданы ұйымдастырушы ұйымдастыру комитетін, қазылар алқасын және әдістемелік комиссияны құрады.

4. Ұйымдастыру комитеті, әдістемелік комиссия және қазылар алқасының қызметтері

4.1 Ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы өткізу формасын анықтайды және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, қазылар алқасы мен әдістемелік комиссияның құрамы бойынша ұсыныстар жасайды, олимпиаданы өткізу кезінде туындаған даулы жағдаяттарды қарастырады, Олимпиада қорытындысы бойынша есептерді ұсынады.

4.2 Әдістемелік комиссия Олимпиаданың командалық және жеке айналымын жүргізу үшін материалдар дайындайды;

4.3 Әдістемелік комиссия Олимпиаданың барлық айналымдарында орындалған тапсырмаларды бағалау әдістемесін және бағалау өлшемін әзірлейді;

4.4 Қазылар алқасы жеке айналымдағы жазбаша жұмыстарды тексереді, олардың нәтижесін бағалайды; Олимпиадаға қатысушылардың орындаған тапсырмаларын талдайды және апелляция жүргізеді; апелляция жүргізілгеннен кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

4.5 Олимпиадаға қатысушылардың топтық қорғауының нәтижесін қазылар алқасы бақылайды және бағалайды.

5. Олимпиада қатысушылары

5.1 «Жас математик», «Жас физик» олимпиадаларына Шығыс Қазақстан облысы ауданандарының (ауданнан екі командадан артық емес), қалаларының (қалададан екі командадан артық емес), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің (мектептен 1 команда) атынан командалар қатысады.

5.2  «Жас математик» байқауына  5-8 сынып оқушылары (командада: 1 оқушы-5 сынып, 1 оқушы-6 сынып, 1 оқушы -7 сынып, 1 оқушы-8 сынып) қатысады.

5.3 «Жас физик» байқауына 7-8 сынып оқушылары (командада: 1 оқушы -7 сынып, 1 оқушы-8 сынып) қатысады.

6. Олимпиаданы өткізу бағдарламасы

6.1 Олимпиаданы өткізу күні – 21 сәуір, 2018 жыл.

6.2 Қатысушыларды тіркеу – сағ. 9.00 – 9.30.

6.3.Олимпиада екі айналымда өткізіледі: жеке тур және командалық айналым.

Жеке айналым – 90 мин (сағ. 09.30 – 11.00);

Командалық айналым – 75 мин (сағ. 12.30 – 13.45).

6.4 Өткізілетін орны - «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ (Өскемен қ. Новаторлар көшесі, 9а, тел: 8 (7232) 249301).

Жеке айналым– тапсырмаларды жазбаша орындау (әрбір оқушы өзінің жас ерекшелігіне байланысты орындайды). Қатысушыларға логикалық тапсырмалар, тапқырлыққа, есептеуге арналған тапсырмалар (тест түріндегі тапсырма дұрыс жауапты таңдаумен, («Жас математик» - математикадан 20 сұрақ, жауаптың              4 нұсқасы; «Жас физик» - физикадан 20 сұрақ, жауаптың 4 нұсқасы) беріледі.

Командалық айналым (5-8 сыныпта оқитын түрлі жастағы топтар қатысады)

Функционалдық сауаттылыққа арналған 4 тапсырма (математикадан 2 тапсырма, физикадан 2 тапсырма - алған білім мен икемділіктерін парктикалық-бағдарлау тапсырмаларды шешуде қолдану қабілеттері).

7. Олимпиаданы қорытындылау және марапаттау

7.1 Әрбір жас тобында жекелей және топтық айналым жүлдегерлері мен жеңімпаздары анықталады.

7.2 Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталады.